Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет122/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Идентификациялық міндеттер: 

жазу тасушысының рәсімделу бұйымының лицензияланған өнімнің 
аналог-үлгісі 
бойынша 
идентификациялау 
(құрылым 
мен 
материалдарының ерекшеліктері, құқық иеленушінің құқықтарын 
қорғау құралы); 

жазу шығармашылығын тасушысының лицензияланған өнімнің аналог-
үлгісі бойынша идентификациялау; 

жазу шығармашылығын тасушысының маркировкасына қолданылған 
техниканы және оған жататын құралдарды идентификациялау;

шығармашылық жазудың тасушысындағы лицензияланған өнімнің 
аналог-үлгісі бойынша идентификациялау т.с.с. 
Аталған сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі: 

«...» атты аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазуының сыртқы 
бетінің жасалу тәсілі салыстыру үшін ұсынылған лицензиялы ұқсас-
үлгіге сәйкес келеді ма; 

«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне дизайн 
суреттері қандай тәсілмен жасалған; 

«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне салынған 
дизайн суреттерін салу тәсілі лицензиялы өнімнің ұқсас-үлгісіне салу 
тәсілімен сәйкес келеді ма; 

«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетінде меншік 
иесінің белгілер мен құқықтарын қорғау құралдары бар ма;

«...» фирмасы логотипінің голографиялық суреті бар жапсырмасы осы 
өнімді шығарған кәсіпорынымен жасалған ба; 

дыбыс жазу өнімінің мақсаты және сыртқы бетін жасау үшін 
пайдаланылған дизайн материалдарының тегі қандай; 

шығармалардың дыбыс жазу тасушыларының өнімдерін жасау және 
дизайн суреттерін оған салу үшін пайдаланылған материалдарының 
жалпы шығу тегі бір ма; 

зерттеліп жатқан тасушыдағы шығарманың жазулары (суреті, дыбысы, 
бейнесі) салыстыру үшін ұсынылған ұқсас-үлгінің дәл осындай 
жазылу көрсеткіштеріне техникалық және сапалық көрсеткіштері 
сәйкес келеді ма; 

зерттеуге ұсынылған «...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың 
дыбыс жазуының көшірмесі шығарылуына лицензия берілмеген 
шығарманың «экранды, көрсетуге арналған, жұмысшы» көшірмесі 
болып табылады ма; 

«...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазу көшірмесі 
лицензиялы шығарылған өнімнің көшірмесінен басып алынған ба; 


141 

тасушыдағы фонограмманың дыбыс жазуы аралық аппаратураны 
пайдаланып, дыбыс жазудың әр түрлі үлгілерінен топтап жинап, 
монтаждау арқылы жасаған жоқ па; 

тасушыдағы шығарманың дыбыс жазуы түпнұсқа немесе көшірмесі 
болып табылады ма, егер көшірмесі болса, онда көшірменің «номері» - 
«қайта жазудың номері» қандай; 

зерттеліп жатқан тасушыдағы жазылған фонограмманың қасиеттері 
мен варианттары тасышу-үлгідегі басылған фонограмманың қасиеттері 
мен варианттарына сәйкес келеді ма; 

зерттеліп жатқан фонограммалардың дыбыс жазулары бір аппараттық 
кешенде жасалған ба (яғни салыстырылып отырған объектілер бір өнім 
болып табылады ма); 

зерттеліп жатқан дыбыс жазуында (компакт-дискіде) маркалаушы 
белгілері бар ма, жоқ болса, олар механикалық әсер етумен 
жойылмаған ба; 

зерттеліп жатқан тасушылар (компакт-дискілер) нақты технологиялық 
құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жасалған ба; 

зерттеліп жатқан тасушыларға дыбыс жазулары нақты аралық 
аппаратурасы қолданылып, көшірмесі жасалды ма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет