18.4. Контрафактілі өнімдерді зерттеу Сыртқы экономикалық қызметтің кеңеюіне және атақты фирмалардың
тауарларын жалған жасауға қатысты сәйкес тауарлық сараптамаларды
жүргізудің қажеттілігі туындайды.
Аталған сараптамалардың объектілері:
азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар және виртуалды
ақпарат тасушылары (аудио, бейнекассеталар, дисктер) олардың
бөлшектері;
тауарлардың қорабы мен олар туралы ақпарат тасушылары, олар келесі
түрлерге бөлінеді: тауар мен қораптың реквизиттері, тауар мен
қораптың материалдары, техникалық құралдар, тауар мен қорапқа
жазылатын реквизиттер.
Тауар мен қораптың реквизиттері: дизайні, қораптың футляры мен
қосымша беті (авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың белгілері),
тауарлық белгі, географиялық жабыстырғыштар фирманың логотипі мен
жеке штрих коды т.с.с.
Тауар мен қораптың материалы: бұйымның материалы, қорап пен
қосымша беттің футляры (қағаз, картон, желім; бояғыш өзге де
географиялық жабыстырғыштардың материалдары, дизайн мен басу
мәтіндерін жазудың бояулары).
Техникалық құралдар: акциз маркілерін, қосымша беттерді, штрих-
кодтарды, этикеткаларды, құлақшаны (ярлык) дайындау үшін қажетті
құралдар. Сол сияқты, лицензиялық өнімдерді, контрафактілі өнімдерді
дубликаттарды тираждау үшін қолданылатын техникалық құралдар.
Сараптаманың міндеттері : идентификациялық емес (диагностикалық
және классификациялық) болып жіктелінеді:
өнімнің жасалу жағдайын анықтау, жазу тасушысын рәсімдеу
(реквизиттердің
мазмұны,
қолданылған
материалдардың
құрылымдық, түрлік ерекшеліктерін анықтау, құқық иеленушінің
құқықтарын қорғайтын белгісі мен құралы), қорғау құралын
енгізудің көрінісі мен дайындалуы;
шығармашылық жазу тасушысында маркиравка белгісінің бар
жоғын анықтау;
140
тасушыда шығармашылық жазбаны дайындау жағдайы мен оның
сипаттамасы (аналогтық немесе сандық жазба ма, түннұсқа немесе
көшірмесі ме, жазбаның сапасы, форматы т.с.с.).