Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет120/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

 
18.2. Көлік-тауарлық сараптамасы
Аталған сараптама көлік құралдарын, олардың агрегаттарын, 
детальдарын, қосалқы бөлшектерін, боялған беттерін т.с.с. зерттейді.
Көлік-тауар сараптамасының алдына келесі сұрақтар қойылады, олар: 


138 

көлік құралының нарықтық бағасы; 

көлік құралын жөндеудің бағасы; 

көлік құралының тауарлық түрін жоғалтудың құны; 

көлік құралы жүргізушісіне зақым келтірудің нәтижесінде келтірілген 
залалдың мөлшері. 
 
18.3. Құрылыс-тауралық зерттеу 
Аталған 
сараптама 
құрылыс 
материалдарын, 
бұйымдарды, 
құрылымдарды, өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстарды 
зерттейді.
Құрылыс-тауарлық сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар: 

өндірістік, азаматтық және әкімшілік құрылыстардың нақты бағасы 
қандай ? 

құрылыс материалдардың, бұйымдардың нақты бағасы қандай ? 

құрылыс материалдарын сақтау мерзімін ескере отырып қалдық 
соммасы қандай ? 

құрылыс материалдардың, бұйымдар мен құрылымдардың сақтау, 
тасымалдау 
жағдайы 
стандарт 
талаптары 
мен 
техникалық 
жағдайларына сәйкес пе? 

ұсынылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы қандай ? т.с.с. 
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Сот-тауарлық сараптаманы тағайындаған кезде келесі материалдарды 
ұсыну керек: 

зерттеу объектілері (заттай дәлелдемелер); 

қылмыстық іс материалдары; 

объектілерді алу хаттамасы; 

зерттеу объектілерінің сапалық, сандық, ассортиментін бекітетін 
құжаттар; 

технолог, маркетолог т.с.с. мамандардың қорытындылары; 

үлгі-эталондар; 

салыстырмалы үлгілер; 

бухгалтерлік құжаттар; 

құқық беретін құжаттар; 

техникалық құжаттар т.с.с. 
Экономикалық котрабанданы тергеу кезінде әр бір тауар үшін оларды 
алу әдістемелері бар: мұнай үшін – бір, жанармай материалдары үшін – басқа 
т.с.с. Кейде түпнұсқа тауарлардың үлгілерін алу қажеттігі туындайды. Олар: 
кемшіліктерін көрсететін бұйымның үлгілері, эталон – үлгілері, үлгілері – 
эталондар (әсіресе сапасыз тауарларды зерттегенде орын алады).
Тергеуші кейде тауарлардың жоқ болуына қатысты фактілерге тап 
болады. Мұндай жағдайда сот-тауарлық сараптаманың тағайындалуы алуан-
түрлі бухгалтерлік құжаттардың зерттелуін талап етеді. Оларға: шот-


139 
фактуралар, тауар-көліктік қағаздар, қабылдау актілері т.с.с. тауардың 
сапасы мен сандық көрсеткіштерін бекітетін құжаттар жатады.
Сол сияқты, дайындау технологиясын, қоймашының кітабы, сақтау 
кітапшасы т.с.с., санитарлық-эпидиомологиялық станцияның анықтамалары, 
сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, ветеринардың қорытындысы, 
іс материалдары – тергеу әрекеттерінің хаттамалары т.с.с. зерттеу жүргізу 
үшін қажет болуы мүмкін. Сараптамаға нақты жіберілетін материалдардың 
тізімі қылмыстың жасалған түрі мен істің мән-жайларына байланысты 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет