18.1. Азық-түлікке жатпайтын тауарларды (өндірістік) және азық-түлік тауарларды зерттеу Аталған сараптама жеңіл өндірістік (киім-кешек, аяқ-киім);
галантереялық,
зергерлік
бұйымдарды;
гигиеналық
тауарларды
(парфюмерия, косметика); мәдени-тұрмыстық тауарлады (спорт, демалысқа
араналған тауарлар); шаруашылық тауарлар (жиһаз, ыдыс-аяқ, кеңсе
тауарлары, тұрмыстық химия т.с.с.); жанармай материалдары т.с.с.
тауарларды зерттейді.
Сол сияқты, азық-түлік тауарлардың тауартану сараптамасы ет, сүт,
жұмыртқа, бакалея, ұн, дәмдік концентрат т.с.с. тауарларды зерттейді.
Аталған объектілерді зерттеу барысында келесі сұрақтар қойылады:
тауардың аталуы;
тауар қандай шикізаттан жасалған, бұйымды жасау кезінде
қолданылған материалдар, олардың сапасыздығы неде;
аталған тауардың сапасы қандай мемлекеттік стандарттарға сай,
техникалық немесе шарттық жағдайларға сай ма ?
тауардың аталуы мен сипаттамасы этикетіндегі маркировкалық
көрсетішіне, таңбаларына сай ма, сәйкес еместігі неде ?
тауар қандай әдіспен жасалған (қолдан, зауыттық) ?
аталған бұйымдар отандық әлде шет мемлекетте жасалған ба ?
тауарды сақтау, тасымалдау стандартқа сай ма, стандарттық
талаптардың бұзылуы тауардың бұзылуына әкеп соққан жоқ па ?
тауардың бұзылу залалының мөлшері;
тауардың нақты құны қандай, бұйымның бірлігі үшін бағасы;
тауардың сақтау барысындағы залал нормасы қандай ?
нақты тауар нормативті-техникалық, нұсқаулық және өзге де
құжаттарға, талаптарға, экологиялық қауіпсіздікке сай ма ?
нақты бұйымның ақауы бар ма ?
тауардағы ақаудың пайда болу себебі;
олардың пайда болу уақыты т.с.с.
Аталған сұрақтар нақты іс материалдары мен жағдайға қатысты
сарапшының алдына қойылады. Мысалы, есептен шығарылған материалды
құндылықтарға бөтен мүлікті ұрлауға қатысты олардың бұзылуының
дәрежесі анықталады, сапалы емес тауарларға қатысты тергеуші маман
арқылы олардың стандарт талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Кейде тауартану сараптамасы өзге де мамандардың қатысуымен
қаралады, атап айтсақ – технолог, химик, биолог т.с.с.