14
мақсаты
зерттеліп отырған объектінің тобын, тегін, класын салыстырмалы
ғылыми әдісті қолдана отырып анықтауда жатыр.
Сот сараптамасында зерттеліп отырған объектінің тектік тобын анықтау
классификациялық әлде идентификациялық міндетке жатады ма? - деген
мәселе криминалистикалық әдебиеттерде жиі түрде орын алады.
Аталған мәселені шешу үшін осы зерттеудің екі деңгейі арасында
тұрған мақсаттардың бағалануын талап етеді, оларға қатысты Н.В.Терзиев
былай дейді: «Идентификация кезінде ол дәл сол объекті екені анықталады.
Тектілік (топтық) белгісін анықтау кезінде зерттеліп отырған объект белгілі
топқа жататыны, өзінің тегі немесе түрі бойынша осындай болып
табылатыны ғана белгіленеді».
1
Классификациялық міндеттің топтық тегін анықтауға баға беру
мақсаты идентификациялық деңгейдің міндеті бола тұра, талдау жасауына
кедергі болмайды, өйткені оның шешуі белгілі-бір объектінің тепе-теңдігін
анықтаудың негізгі сатысы.
Криминалисттік идентификация –
дегеніміз қоршаған ортаның
белгілі-бір көріністеріндегі объектінің өз-өзіне тепе-теңдігінің бар немесе
жоқ болуын анықтайтын таным процесі. Яғни, зерттеліп отырған оқиғаға
қатысы бар объектінің жекелігін анықтау.
Тепе-теңдікті
анықтаудың
тәжірбиелік
мәні,
идентификация
нәтижелерінің (жағымды және жағымсыз) тергеліп отырған оқиғамен белгілі-
бір объектінің байланыстылығын немесе оның жоқтығын тұжырымдауға
мүмкіндік береді. Аталған жағдай тергеу болжамдарын құрастыруға және
оларды тексеруге өз ықпалын тигізе отырып, іс бойынша мән-жайларды
анықтайды.
Диагностикалық,
классификациялық
және
идентификациялық
денгейлердің бағынушылық қағидасына сай, Р.А.Кентлер былай деген:
Достарыңызбен бөлісу: