Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет11/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

жүйелеу қызметінің 
арқасында, олардың қабылдануын жеңілдетеді, 
жұмысқа тартылған білімдерді, теорияның кейбір элементтері арасындағы 
терең байланыстарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар теорияның және 
басқа ғылымдар арасындағы байланыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, сот сараптамасы жалпы теориясының жеке білім ретінде 
орын алуы оның
әдіснамалық қызметін
қолдануында жатыр. Әдіснамалық 
қызметін қолдану барысында түсіндіру, синтездеу және болжау сияқты 
қызметтер орын алады. 
Аталған жағдайлар жалпы теорияның әдіснамалық қызметін жүзеге 
асыру механизмі ретінде сот сараптамасы саласындағы жаңа білімді 
қалыптастырады. 
Одан басқа, криминалистика және басқа да ғылымдармен жинақталған 
ғылыми әлеуетін қолдану сот сараптамасының жалпы теориясымен 
бейімделген әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сол сияқты, биімделген 
және теориялық тұрғыдан негіздлген жаңа әдістер мен таным құралдары
әдіснамалық қызметтің жүзеге асуы сот-сараптамалық қызметті одан әрі 
жетілдіріп, дамытады. 


11 
Аталған жағдайды ескере отырып, сот сараптамасы жалпы 
теориясының әдіснамалық қызметі екі түрлі көрініске ие. Ғылыми тұрғыда, 
ол ойлау қабілеттілік нысанда сараптамалық танымның теориялық 
қағидалары мен ойлаудың нақты тәсілі түріндегі сараптамалық танымның 
тероиялық принциптерінде қалыптасады. Тәжірбиелік мағынада, аталған 
қызмет сараптамалық зерттеудің міндеттерін анықтау, нақтылау, түсіндіру 
ретінде және оны шешу үшін қажетті әдіс-тәсілдер, құралдар әзірлеуде 
көрініс табады. 
2 тақырып. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі тәжірбиелік қызметтің 
нысаны ретінде: ұғымы, пәні, міндеттері мен объектілері 
Сот сараптамасы 
сот-сараптамалық қызметтің
белгілі түрі ретінде 
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот сарапшының 
ғылыми арнайы білімін қолдана отырып жүргізілетін зерттеулер болып 
табылады. Аталған зерттеулердің шеңберінде зерттелуге жататын 
объектілердің құрамы мен белгілері анықталып оларға ғылыми баға беріледі. 
Сот-сараптамалық 
қызметтің 
жүзеге 
асырылуы 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделіп, Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» Заңына, 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу Кодексімен, Қазақстан 
Республикасының 
Азаматтық 
іс-жүргізу 
Кодексімен, 
Қазақстан 
Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексімен және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық актілерімен 
(барлық соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) реттеледі. 
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» 
Заңының 3 бабына сәйкес, сот-сараптамалық қызмет өз құрамына келесі 
жағдайларды кіргізеді: 

қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
істер бойынша сот сараптамасын жүргізу;

сот сараптама саласындағы ғылыми зерттеулер;

сот 
сараптамасының 
ғылыми-әдістемелік 
және 
ақпараттық 
қамтамасыз етілуі;

сот сарапшыларды іріктеу, кәсіптік даярлығын және кәсіби 
біліктілігін арттыру. 
Сот сараптамасы келесі қағидаларға сүйенеді: 

заңдылық; 

азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды 
тұлғалардың құқытары мен заңды мүдделерін сақтау;

сот сарапшының тәуелсіздігі;

сот-сараптамалық зерттеу жүргізгу кезінде әдістер мен ғылыми-
техникалық құралдарды қолдануға жол берушілігі;

сот-сараптамалық зерттеулердің объективтілігі, толықтылығы мен жан-
жақтылығы;


12 

сот сарапшы кәсіби этикасын сақтауы. 
Сот сараптамасының мақсаты істі дұрыс және мәні бойынша шешу 
үшін сот өндірісіндегі мән-жайларды анықтау болып табылады. 
Мақсатына сай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет