Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


заттай дәлелдер, құжаттар, адамның



Pdf көрінісі
бет16/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

заттай дәлелдер, құжаттар, адамның 
денесi мен психикалық ахуалы, мәйiттер, жануарлар, сараптамалық 
үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама 
нысанасына жататын мәлiметтер сараптама объектiлерi болып 
табылады.
 
Заңда көрсетілген сараптамалық объектілердің көпшілігіне қарамастан, 
сот сараптамалық объектілер үш топқа бөлінеді, олар: негізгі объектілер, 
салыстырмалы материалдар мен анықтамалық мазмұндағы материалдар. 
Негізгі материалдарға белгілі деректерді мазмұнында құрайтын объектілер 
жатады, мысалы заттық дәлелдемелер, екінші топ сараптамалық зерттеу үшін 
жіберілетін үлгілер. Үшінші топқа жататын объектілер анықтамалық 
мазмұнға ие болады, мысалы нұсқаулар, топтамалар (коллекциялар) т.с.с. 
Заңға сәйкес, сараптама тағайындаған орган, сараптамалық зерттеуге 
жататын объектілердің шынайлығы мен жол берушілігіне кепіл береді, сол 
сияқты, оларды буып-түйюге, сараптама орнына немесе сарапшының өзіне 
қажет болған жағдайда жеткізуін қамтамасыз етеді. 
Сараптамалық зерттеуді жүргізу кезінде салыстырмалы зерттеу үшін 
қажетті үлгілердің орны ерекше, әсіресе түпнұсқаны зерттеу мүмкін 
болмаған кезде. 
Сараптамалық 
зерттеу 
үшін 
үлгілер 
– 
диагностикалық, 
классификациялық, идентификациялық объектілермен салыстыру үшін 
сарапшыға жіберілетін материалды объектілер.
Сараптамалық зерттеу үшін алынатын үлгілер адамнан алынады (ҚР 
ҚІЖК 256 бабы) оларға: қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң 
сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары, сiлекей, тер және басқа 
бөлiнiп шығатындар, терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы, қолжазба мәтiн, 
бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар, дауыс 
фонограммасы жатады. Үлгілерге сол сияқты, материалдардың, заттардың, 
шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары, гильзалардың, оқтардың қару мен 
тетiк iздерiнiң үлгiлерi алынады.
Пайда болу мазмұнына қарай үлгілер болған оқиғаға дейін 
(эксперименталды) және онымен байланысты емес (бос) болып бөлінеді. 
Эксперименталды үлгілер тергеушімен және сарапшымен алына алады. 
Тергеушімен үлгі алынған кезде қаулы шығарылады, онда келесі мәліметтер 
болу керек:

үлгіні алған тұлға; 

үлгі алынатын тұлға (мекеме); 

қандай үлгілер және қандай мөлшерде алыну керек; 

үлгі тапсыру үшін тұлға қайда және кімге келуі керек; 

үлгі алынғаннан кейін кімге және қайда ол тапсырылуы керек. 


17 
ҚР ҚІЖК 259 бабында сараптамалық зерттеу үшін тергеушімен 
үлгілерді алудың келесі тәртібі берілген:

Тергеушi адамды өзiне шақыртып немесе ол тұрған жерге келiп, оны 
үлгiлер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және 
аталған тергеу iс-әрекетiне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары 
мен мiндеттерiн түсiндiредi.

Тергеушi 
қажеттi iс-әрекеттi жеке өзi немесе маманның 
қатысуымен жүргiзедi, үлгiлер алады, оларды буып-түйiп, мөрмен 
бекiтедi.

Тиiстi 
жағдайларда 
үлгiлердi 
сұрыптап 
алуды, 
тiнтудi, 
эксгумацияны жүргiзу арқылы немесе оларды жүргiзумен бiр 
мезгiлде жүзеге асырылады. 
Үлгiлер сезiктiден, айыпталушыдан, жәбiрленушiден, сондай-ақ 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс 
жүргiзiлiп отырған адамнан, оқиға болған жердегi немесе заттай дәлелдердегi 
iздердi өзге адамның қалдыруы мүмкiн екенi туралы жеткiлiктi деректер 
болған кезде үлгiлерi сол адамнан, бiрақ аталған iздер қалдырылуы мүмкiн 
жағдайлар туралы одан куә (жәбiрленушi) ретiнде жауап алынғаннан кейiн 
ғана алынуы мүмкiн.
Үлгілерді алу әдістері келесі болып бөлінеді: 

мәжбүрлеу – сезіктіден, айыпталушыдан; 

прокурор, соттың санкциясымен күштеп алу – жәбiрленушi мен куәдан 
үлгiлер алу, мұндай әрекеттi жасауды а)сезiктi, айыпталушы өзiн 
қылмыс жасады деп әшкерелейтiн айғақтарды тексеру үшiн табанды 
түрде талап еткен, б) жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы 
ауруларды анықтау үшiн, мұндай анықтау iс үшiн маңызы болғанда 
үлгiлер алу қажет болғанда,

жәбiрленушi мен куәнiң – келiсiмiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң шығарушымен үлгіні сотпен алудың тәртібі белгіленген. Сот, кез-
келген үлгілерді алуға құқылы, егер олардың зерттеулері іс үшін маңызды 
болса. Мысалы, сот адамның қасиетін көздейтін кез-келген үлгілерді ала-
алады, сілекей, қан, тырнақ т.с.с. 
Үлгілерді алу туралы негізделген қаулы шығарылады, сол сияқты 
үлгілер судьяның өзімен жеке немесе қажет болған кезде маманның не 
дәрігермен алына алады. 
Үлгілерді судья, сарапшы, дәрігер немесе басқа мамандар алуға 
құқылы. Егер, үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің белгілі-бір сатысы 
болса, ол сарапшымен алына алады. Үлгілер тараптардан және үшінші 
тұлғалардан алына алады. 
Судья өзіне тұлғаны шақырып үлгіні алу туралы ұйғарыммен 
таныстырады және оған, өзге де тұлғаларға олардың құқықтары мен 
міндеттерін түсіндіреді. Бұл кезде судья жеке өзі немесе маманның 
қатысуымен үлгілерді алу үшін, оларды буып-түюге бағытталған қажетті 
шараларды жүзеге асырады.


18 
Алынған үлгілердің нәтижелері хаттамада тіркеледі (сот отырысында), 
мұнда үлгілерді алудың тәртібі, кезектілігі, қолданылған ғылыми-техникалық 
өзге де құралдар және үлгілердің өзі де сипатталады. Басқа кезде, судья үлгі 
алынатын тұлғаны дәрігер мен басқа мамандарға сәйкес тапсырысы бар 
ұйғарыммен бірге жібереді. Ұйғарымда аталған процессуалды әрекетке 
қатысатын қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі керек. 
Судьяның тапсырысымен, дәрігер немесе өзге де маман үлгіні алу үшін 
қажетті әрекеттерді жүзеге асырады. Алынған үлгілер буып-түйіліп, мөр 
басылады, кейін дәрігер немесе маманның жасаған ресми құжатымен бірге 
сотқа жібереді. 
Зерттеу 
процесінде 
сарапшылармен 
эксперименталды 
үлгілер 
жасалынады және сол туралы ол қорытындыда көрсетеді. Мұндай үлгілерді 
жасау кезінде судья қатыса алады және сол туралы хаттамада бекітіледі. 
Зерттеуден кейін сарапшы үлгіні буып-түйіп, өзінің қорытындысына 
қосымша ретінде тіркейді.
Судьяның тапсырысы бойынша үлгіні алу маманға не дәрігерге 
тапсырылса, ол ресми құжат құрастырады, бұл құжатқа барлық қатысушылар 
қол қояды және құжат судьяға барлық іс материалдарымен қоса жіберіледі. 
Хаттамаға барлық алынған үлгілер тіркеледі. 
ҚР ҚІЖК 262 бабында үлгілерді алу кезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет