Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет12/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

сот сараптамасының пәні
қалыптасады, сот 
сараптамасының пәні дегеніміз 
азаматтық, қылмыстық және әкімшілік 
істердің нақты деректерін айтамыз және олар арнайы ғылыми білімді 
қолдана отырып анықталуға жатады

Сот сараптамасының нақты пәні оның 
зерттеу міндеттеріне
қатысты, 
ол кең мағынада 
белгілі-бір сараптамаға қатысты
тергеушінің (соттың) 
нақты сұрақтарын айтамыз

Сот сараптамасының «пәні», «міндеттері», «сұрақтары» ұғымдарының 
бір-бірімен өзара байланысуын талдаған кезде, сараптаманың алдында 
тұратын сұрақтар мен міндеттер оның пәнін анықтауға мүмкіндік береді, 
бірақ оның мазмұнына кірмейді. Басқаша айтқанда, сараптамалық зерттеумен 
анықталатын мән-жайлар оның нақты міндеттермен детерминацияланады, 
сол арқылы зерттеу пәнінің мазмұнына кіретін нақты деректерді анықтайды. 
Сот сараптамасының пәнін нақтылайтын сараптама міндеттерінің рөлі 
пәннің және оның ғылыми саласының қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. 
Сонымен қатар, тәжірибелік қызметтің қорытынды міндеттері теориялық 
негізде пайда болған мәселелердің қажеттіліктерін қанағаттандырады. 
А.Р.Шляхов сот сараптамасының міндеттеріне ғылыми анықтама 
берген, ол сараптамалық міндетті сот сараптама пәнінің мәнін түсіну үшін 
әдістемелік негіз болып табылады. Сол сияқты, автордың айтуынша, 
сараптамалық міндеттер - сот сараптамасын тағайындаған кезде қойылатын 
нақты сұрақтар және сараптамалық зерттеудің әдістері мен теориясының 
дамуына қатысты базис ретінде ұғынады. 
Аталған автордың ой-пікірін тұжырымдай отырып, сараптаманың 
міндеті мен оның алдына қойылатын сұрақтар ұқсас үғымдар, осыған 
қатысты А.Р.Шляхов міндеттер ұғымының ғылыми анықтамасын бере 
отырып, олар тек белгілі-бір сараптаманың сұрақтарын шеше отырып жүзеге 
асатын процесс деген. 
Жоғарыда аталған сот сараптамалық міндетке қатысты анықтама дәл 
сот сараптамасының жалпы теориясында қалыптасқан және соның негізінде 
сот сараптамасының жіктелуі, түрлер мен класстарға бөліну қағидасы 
қалыптасқан. 
Сот сараптамасының міндеттері мақсаты ретінде белгілі-бір 
жағдайларда және ғылыммен әзірленген әдістер негізінде берілген, сол 
арқылы ол сот сараптамасының әдіснамалық мәнін ашып, олардың 
құрылымдық элементтерін нақтылауға мүмкіндік береді. 
Оларға келесілер жатады: 

оның шешімін қамтамасыз ететін шарттар (бастапқы мәліметтер) 

сараптамалық танымның ғылыми түрде әзірленген әдіс-тәсілдері 
мен құралдары. 


13 
Сараптамалық 
міндеттерді 
бағалаудың 
мазмұнды 
негізі 
сот 
сараптамасының пәндік саласын қалыптастыратын және сараптамалық 
таным міндеттерінің жалпы жүйесінде көрініс тапқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет