Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Істі сот талқылауына дайындау тәртібінде



Pdf көрінісі
бет28/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Істі сот талқылауына дайындау тәртібінде
АІЖК 91 бабына сәйкес, 
судья сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Судья сараптаманы тағайындау туралы шешімді шығарғаннан кейін, 
тараптарды талапкердің не жауапкердің сараптаманы тағайындау туралы 
өтінішін қараудың уақыты, орны туралы хабарлайды. Бірақ, аталған 
тұлғалардың сотқа келмеуі өтінішті қарауға кедергі болмайды. Судья сотқа 
келген тараптарға сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды құрастыру 
құқықтарын түсіндіреді, бірақ сараптаманың алдына қойылатын нақты 
сұрақтар тізімін судьяның сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымында 
көрсетіледі.
Сарапшының алдына ғылым, техника, өнер саласында арнайы білімді 
қажет ететін сұрақтар ғана қойылады. Сот құзыреттілігіндегі құқықтық 
мазмұндағы сұрақтар сараптама алдына қойылмайды.
Сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым ҚР АІЖК 344 бабында 
көрсетілген тәртіпке сәйкес шағымдалады.
Аталған сатыда сараптама тағайындаудың негізгі мақсаты сот 
талқылауына толық көлемдегі дәлелдемелік ақпараттармен қамтамасыз ету 
болып табылады. Сондықтан, сараптаманы сотқа дейінгі кезеңде 
тағайындаған дұрысырақ. 
Жоғарыда көзделген сатыға қатысты АІЖК 305 бабына сәйкес, судья 
азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының 
кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер 
жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның 
психикалық 
жай-күйiн 
анықтау 
үшiн 
сот-психикалық 
сараптама 
тағайындайды. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қозғалған адам 
сараптамадан өтуден көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың 
қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама 
мәжбүрлеп жiберу туралы ұйғарым шығара алады. 
Азаматтық істер бойынша сараптама тағайындау 
сот талқылау 
барысында орын алуға жол беріледі (АІЖК 91 б.). Алғашқы сараптама 
дайындалу сатысында орын алса, оған қатысты қосымша не қайталама 
сараптама жүргізілуге жол беріледі. Қажет болға кезде, сараптама 
қорытындысы жарияланғаннан кейін сарапшыдан жауап алынуы мүмкін. Іске 
қатысқан әрбір тұлға, сотқа сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды 
ұсынуға құқылы. Егер, судья ұсынылған сұрақтарды сарапшыға қоюға 
тыйым салса, оны сот негіздеуі қажет. Сот сараптамасын тағайындау туралы 
ұйғарымға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет