Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет26/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Қаулының қорытынды бөлімінде 
көрсетіледі: 

сараптаманың түрі; 

сараптама арқылы шешілетін сұрақтар; 

сот сараптама органының атауы және сараптама жүргізетін тұлғаның аты-
жөні; 

сараптамаға жіберілетін материалдардың тізімі. 
Аталған мәліметтерден басқа қаулыда процеске қатысатын тұлғалардың 
өтініштері 
(сараптаманы 
тағайындауға 
қатысты) 
және 
олардың 
қанағаттандыру нәтижелері көрсетілуі тиіс. Қаулыда кімге қатысты 
сараптама жүргізіліп отыр, сол тұлғалардың және қылмыстық процесті 
жүргізетін адамдардың қатысқаны дұрысырақ. 
Белгілі бір сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару кезінде 
күрделі мәселелер туындағанда дәлелдеу субъектілірінің кеңес алу 
мақсатында мамандарға жолданғандары жөн. Атап айтсақ, нақты қандай 
сараптаманы тағайындау қажет және сараптамалық зерттеуге жіберілетін 
үлгілер мен объектілерді жинау, зерттеу және бағалауға, сараптамаға 
сұрақтар дайындау мен құрастыруға қатысты мамандардың көмегі 
қолданылуы қажет. Жоғарда көзделеген сұрақтарды шешу үшін, сот 
сарапшыларының алдын-ала қаулыны дайындау кезінде маман ретінде 
қатысуына заң тыйым салмайды. 
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы процессуалды құжат 
болғандықтан, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қаулыны орындау оны 
жолдаған органдар мен тұлғалар үшін міндетті болып табылады және 
олардың құзыретіне кіреді. 
Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің соттағы ерекшеліктері 
Қазақстан 
Республикасының заңнамаларында сот талқылауына 
қатысты сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері 
көзделген. Аталған өзгешеліктер, тек сот талқылауының азаматтық, 
қылмыстық, әкімшілік процестегі ұйымдастыру мен жүргізілу тәртібі мен 
міндеттерінің ерекшеліктерін қамтымайды, сол сияқты қылмыстық процестің 
сатысы болып табылатын алдын-ала тергеу мен істі сотта қараудың 
(азаматтық процесс үшін – сот талқылауына істі дайындау және істі сотта 
қарау) өзгешеліктерін де қамтиды. 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет