35
қажет болғанда, сарапшымен қорытынды оқылғаннан кейін ҚР
ҚІЖК 355 б. көзделеген тәртіпке сәйкес одан жауап алады;
қажет болғанда қайталама не қосымша сараптама тағайындайды.
Сонымен қатар, сараптаманы тағайындағанда, сот:
жаңа сұрақтарды құрастырады;
сотпен шығарылған сараптаманы тағайындау туралы қаулының
көшірмесін ұсынады;
ҚР ҚІЖК 83 бабымен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді
түсіндіреді;
тараптардың пікірлерін тыңдағаннан кейін,
сот сараптамасы
аяқталғанға дейін сот отырысын кейінге қалдырады;
сарапшының қорытындысын іске тіркейді.
Егер сотқа дейінгі сараптамалық қорытындыға тараптар күмән
тудырмаса, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, сот сараптаманы
тағайындамай ақ сот сарапшыдан жауап алумен шектеле алады. Сотта
сарапшыдан жауап алудың тәртібі ҚР ҚІЖК 355 бабымен реттеледі, ол келесі
жағдайларды енгізеді:
жауап алу тек қорытынды жарияланғаннан кейін жүргізіледі, ҚР
ҚІЖК 253 б. 3 бөлімін ескере отырып, қорытынды бойынша
сұрақтар немесе оны түсіндіру,
нақтылау, толықтырулар қажет
болған жағдайлар;
сот сарапшыға жауап алудың кез келген сатысында сұрақтар қоя
алады;
алдымен сарапшыға сұрақты сараптаманы тағайындауына
бастама берген тарап қояды;
егер сараптаманы қылмыстық процессті жүргізуші органның
бастамасымен не тараптардың келісімімен тағайындалса,
алдымен сұрақты сарапшыға айыптаушы,
кейіннен қорғау
тарабы қояды.
Сот талқылауында сараптаманы алдын-ала тергеу кезінде жүргізген не
сотпен тағайындалған басқа сарапшы жүргізеді. Сараптама тікелей сотта не
сараптамалық зерттеу жүргізуге ыңғайлы жерде жүргізіледі.
Төрағалық етуші судьяның рұқсатымен сарапшы сараптаманың пәніне
қатысты келесі мән-жайларды зерттеуге қатыса алады:
қылмыстық істердің материалдарымен танысуға;
сараптамаға қатысты сот әрекеттеріне қатыса алады;
жауап алынатын тұлғаларға қатысты сұрақтар құрастыруға
(сараптамаға қатысты);
жазбаша қорытынды беруге және оны сот отырысында
жариялауға;
ҚР ҚІЖК 83 б. көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыруға.
Сот отырысына қатысатын тараптар сот сараптамасын тағайындаған
кезде келесі құқықтары бар:
36
сараптамалық зерттеу ретінде материалдар мен құжаттарды
ұсынуға;
сараптамаға оны тағайындауға қатысты сұрақтарға өтініштер
жасауға;
сарапшыға сұрақтарды жазбаша түрде беруге.
Сотта жүргізілген сараптаманың процессуалдық түріне
баға бергенде,
ол өзінің құқықтық мәртебесі жағынан одан кейінгі жасалған
сараптамалармен салыстырғанда алғашқы болып табылады. Мәселен, ҚР
ҚІЖК 354 бабының 10 бөліміне сәйкес, сот отырысындағы қайталама не
қосымша сараптама тек алғашқы сараптама сотта (алдын-ала тергеуде емес)
жүргізілгеннен кейін пайда болады.
Қылмыстық процессте ҚР ҚІЖК 410 бабының 1 бөліміне сәйкес,
тараптардың
өтініштері
немесе
аппеляциялық
сатыдағы
соттың
бастамасымен сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы мүмкін. Өзге де
сараптамалар
аталған соттың сатысында, тек қосымша материалдардың
болуына және оларды сот талқылауында зерттеуді қажет етпейтін
жағдайларға қатысты тағайындалады.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот сараптамасының
ұйымдастырылуы мен жүргізілуінің құқықтық бастамасы қылмыстық істер
бойынша сараптама жүргізумен көптеген ұқсас белгілері бар, бірақ олардың
сот өндірісінде процессуалдық спецификасы бар.
Мәселен, азаматтық процессте сараптама тағайындаудың келесі
нысандары бар:
-
міндеттерін қамтамасыз ету тәртібінде;
-
істі сот талқылауына дайындау;
-
сот талқылауында.
Міндеттерін қамтамасыз ету – азаматтық процесске тән. ҚР АІЖК 74
бабына сәйкес, өздерi үшiн қажеттi дәлелдемелердi ұсыну соңынан мүмкiн
болмайды немесе қиындық келтiредi деп
қауiптенуге негiзi бар iске
қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сұрай
алады. Дәлелдемелердi қамтамасыз етуді сараптаманы жүргiзу арқылы сұрай
алады.
Заңда, соттық түрде міндеттерін қамтамасыз етуден басқа міндеттерді
нотариалды түрде қамтамасыз етуде көрсетілген. Мәселен, ҚР «Нотариат»
туралы Заңының 99 бабына сәйкес, нотариус немесе консулдық мекеменің
лауазымды тұлғалары сараптаманы тағайындай алады.
Аталған жағдайларда сараптаманы тағайындаудың негіздері мүдделі
тұлғалардың арыздары болып табылады. Арыздарда келесі мәліметтер
көрсетіледі:
дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiште қамтамасыз
етiлуге қажеттi дәлелдемелер,
растау үшiн осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар,
өтiнiш берушiнi қамтамасыз
ету туралы өтiнiш жасауға
итермелеген себептер,
37
сондай-ақ қамтамасыз етiлетiн дәлелдемелер қажет болып
отырған iс көрсетiлуге тиiс.
Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарау нәтижесi
бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтiнiштi қабылдаудан бас тарту
туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берiлуi мүмкiн (ҚР АІЖК 75
б., 3 б.).
Достарыңызбен бөлісу: