7 тақырып. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезіндегі іске қатысушылардың процессуалдық құқықтары Республиканың
заңнамаларымен
іске
қатысушы
тұлғалардың
құқықтары мен бостандықтарының кепілдері белгіленген. Атап айтсақ, ҚР
ҚІЖК баптарында тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары (15 бап),
тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау (13 бап), кінәсіздік
презумпциясы (19 бап), сот iсiн жүргiзудi тараптардың бәсекелестiгi мен тең
құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру (23 бап) т.с.с.
Сот өндірісіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау кезінде, әсіресе сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезіндегі
аталған жағдайларды қорғаудың кепілдіктері қылмыстық іс жүргізу заңында
көзделген. Мәселен, қылмыстық процесте сараптаманы тағайындау және оны
жүргізу кезінде сезікті, жәбірленуші, куә және медициналық мәжбүрлеу
шаралары қолданылған тұлға егер оның психикалық ахуалы мүмкіндік
беретін болса, келесі құқықтарға ие:
-
сараптама жүргізілгенге дейін сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысып, құқықтарына қатысты түсініктеме ала алады, сол туралы хаттама жасалады; -
сарапшыдан бас тарту туралы өтініш беру немесе сот сараптама органының сараптама жүргізуге шеттету туралы сұраныс бере алады. Процесті жүргізуші орган қатысушыларға олардың құқықтары мен
міндеттерін түсіндіру барысында ҚІЖК 96 б. сәйкес сарапшыдан бас
тартудың негіздерін де түсіндіруі қажет.
-
нақты тұлғаны немесе сот сараптама органының нақты қызметкерін сарапшы ретінде тарту және комиссиямен сараптама жүргізу туралы сұраныс ете алады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сұранысты қарастыру кезінде,
ұсынылып отырған сарапшының құзыреттілігін тексеру және одан бас тарту
негіздерінің бар-жоғын тексеруі керек. Сараптаманы комиссиямен жүргізу
үшін, ҚР ҚІЖК 249 б. көзделген негіздер орын алуы қажет.
-