56
сараптаманы тағайындау мен жүргізілуінің заңдылығы туралы;
сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде процеске
қатысушылардың құқықтарының сақталуы туралы;
сот мәжілісінде сарапшыға сұрақтар қойылу процедурасының сақталуы
туралы;
сарапшының өкілеттігінің болуы мен оның шектен шығып кетпеу
мәселесі туралы;
сараптамалық зерттеу кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерінің заң
талаптарына сәйкес келуі туралы;
сарапшы қорытындысының дұрыс рәсімделуі туралы;
сарапшы қорытындысының реквизиттері мен сараптамаға қатысты өзге
де құжаттардың дұрыс болуы туралы;
сарапшыдан бас тарту негіздерінің жоқ болуы туралы шешіледі.
Сарапшының нәтижелерін бағалай отырып, сот не тергеуші
сарапшының қандай материалдарды қолданғаны туралы олардың
шынайлығын, іске қатыстылығын, зерттеуге жіберілген материалдардың
жеткіліктілігіне, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілердің дұрыс алынуына
назар аудару қажет. Объектілердің жеткіліксіз болуы – сарапшының
қателіктеріне әкеп соғады.
Сонымен қатар, сарапшы қорытындысы – дәлелдемеге айналғаннан
бұрын, оны бағалап отырған адамның ішкі сенім-нанымына сәйкес
бағалануы керек. Дәлелдемелер заңсыз жолмен алынса, олардың заңды күші
болмайды және олар айыптаудың негізіне алынбайды, сол сияқты кез-келген
мән-жайларды дәлелдеу үшін пайдаланылмайды. Бұл жағдай сарапшының
қорытындысына да сәйкес.
Жоғарда көзделген заң талаптары – дәлелдемелерді бағалаудағы сот
пен тергеушінің ішкі сенім-нанымын қалыптастырудың белгілі-бір жағы.
Оны бағалаудың
Достарыңызбен бөлісу: