Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет41/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

зерттеу бөлімінде 
барлық зерттеу процесі мен оның 
нәтижелері, анықталған фактілердің ғылыми негізделуі қөрсетіледі, атап 
айтсақ: 

сыртқы қарау: сараптамалық зерттеуге жататын объектілердің күйі 
сипатталады; 

сараптамалық қараудың, эксперимент жүргізудің мақсаты мен 
жағдайлары мен нәтижелері көрсетіледі, салыстырмалы зерттеу 
үшін үлгілер алынады; 

сараптамалық зерттеу кезінде қолданылған әдістердің тізімі, оларды 
қолданудың техникалық жағдайы, алынған нәтижелер; 

қойылған сұрақтарға жауап беру үшін сарапшымен қолданылатын 
анықтамалық-нормативті материалдарға сілтеме, зерттеу кезінде 
қолданылған арнайы әдебиттер, сол сияқты қолданылған 
иллюстрацияларға сілтеме; 

тергеу әрекеттерінің нәтижелері (жауап алу, қарау, эксперимент) 
егер олардың қорытынды беру кезінде маңызы болса; 

жеке зерттеу мен олардан алынған нәтижелерін бағалау. 
Егер, сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап берілмесе, 
зерттеу бөлімінде оның себептері көрсетіледі. 
Зерттеу бөлімі сараптамалық білімі жоқ адамдарға түсінікті тілде 
жазылады, яғни аталған бөлімде қолданылатын терминдерге қосымша 
түсініктеме беріп талқылау қажет емес.
Сарапшымен қолданылған әдістемелерді толығымен бағалау мүмкін 
болғанда, қажет жағдайда, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру 
мүмкін болған сәтте ғана зерттеу әдіснамасын қолдануы суреттеледі. 
Синтездеу бөлімі 
барлық жасалған зерттеудің нәтижесін білдіреді 
және жеке бөлім ретінде орын алады, егер: 


55 

біршама объектілерді зерттеу қажет болса; 

күрделі объектілерді зерттеу; 

кешенді әдістерді қолдану қажет болса; 

кешенді және комиссиялық сараптамалар жүргізген жағдайда. 
Қорытынды бөлімінде 
сараптаманың алдына қойылған сұрақтарға 
жауап беріледі. Нәтижелер әдеби тілдің нормаларына сәйкес қарастырылады 
(әр түрлі талқылануға жатпайды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет