Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет47/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Диагностикалық 
және 
ситуациялық 
міндеттер 
белгілі-бір 
факторлардың қолжазбаға әсер етуін және қандай жағдайда қолжазба 
орындалғанын анықтайды (мас күйінде, отырып немесе тұрып жазғандығын, 
басқа тұлғаның қолжазбасына ұқсас етіп жазуы, стресс жағдайында т.с.с.). 
Аталған міндеттер сарапшының алдына жеке мақсат ретінде қойылып, бірақ 
қолжазбаны орындаған тұлғаны теңдестіру міндетімен қатар қосымша 
шешілуі мүмкін. Аталған міндеттерді шешу кезінде келесі сұрақтар 
қойылады: 

зерттеліп жатқан қолжазба әдейі өзгертіліп жазылған жоқ па ? 

зерттеліп жатқан қолжазба белгілі-бір тұлғаның қолжазбасына ұқсас 
етіп жазылған жоқ па ? 

зерттеліп жатқан қолжазбаны тұлға қандай қалыпта орындады ? 

зерттеліп жатқан қолжазба қандай да бір әдеттегідей емес күйде 
орындалды ма ? 
Сот-қолжазбалық сараптамасына диагностикалы-ситуациялық өзге де 
сұрақтар қойылуы мүмкін, мәселен: 

«…» сөздер мен «…» сандар алғашқы құжатқа басқа тұлғамен 
қосымша жазылған жоқ па ? 


61 

«…» сөздер мен «…» сандар алғашқы құжатқа басқа тұлғамен белгілі-
бір факторлардың әсерімен қосымша жазылған жоқ па ? 
Классификациялық міндеттер 
қолжазбаны жазған адамның 
жынысын, жасын, қолжазбаның ортақ белгілерін анықтауға бағытталған. 
Аталған міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады: 

зерттеліп жатқан қолжазба әйел не ер адаммен жазылған ба? 

зерттеліп жатқан қолжазбаны жазған адамның жасы ?

қолжазба авторының білім деңгейі қандай ? 

қолжазба авторының жазу-қимылының дағдылары ? 

қолжазба оң не сол қолымен жазылды ма (қолы) ? т.с.с. 
Теңдестіру 
(идентификациялық) 
міндеттері 
– 
белгілі-бір 
қолжазбаны орындаған адамның жазбаларының (сандық, әріптік) және оның 
жеке үзінділерінің жеке теңдестіруінің бар жоғын сол сияқты, жазбаларды 
олардың жеке үзінділері, қолтаңбаларды бір немесе бірнеше адам жазған 
жазбағандығын анықтайды. 
 
Теңдестіру (идентификациялық) міндеттерінің шеңберінде келесі 
сұрақтар шешіледі: 

зерттеліп отырған құжат Н., П., немесе басқа тұлғалармен жазылған ба 
(құжаттың атауы, нақты жазулар, олардың құжатта орналасу реті); 

зерттеліп отырған құжатта Н., П., немесе басқа тұлғалармен сандық 
жазбалар жазылған ба (құжаттың атауы, нақты жазулар, олардың 
құжатта орналасу реті); 

зерттеліп отырған құжатта Н., П., немесе басқа тұлғалармен 
қолтаңбалар қойылған ба (қай тармақта, графада қолтаңба жазылған); 

бір немесе бірнеше тұлғалармен бірнеше құжаттарда немесе бір 
құжатта мәтіннің бір бөлігі олардың қолжазбалары (қолтаңбалар) 
орындалған ба (мысалы, кімнің атынан..., №.. бұйрықта көрсетілген 
т.с.с.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет