57
Заң бойынша сот сараптамасы сараптамалық мекемелерде, сол сияқты
сараптама органынан тыс жерлерде жүргізіледі. Аталған жағдай сарапшының
қорытындысын бағалағанда ескерілуі керек, өйткені заң бойынша,
сараптаманы тағайындау туралы қаулыны ұсынған кезде сарапшының
құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі түсіндіріледі (Сот сараптама
органынан тыс жерде жүргізілсе).
Сарапшы туралы мағлұмат –
(аты-жөні, білімі, мамандығы бойынша
жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы).
Көрсетілген элементтермен танысу сарапшының құзыреттілігі туралы
деректерді бағалауға мүмкіндік береді, яғни оның арнайы білімінің бар
жоғын анықтауға бағытталған. Аталған сұрақтар сараптаманы тағайындау
кезінен басталады, бірақ оны талқылаудан тергеуші мен сотты сарапшының
қорытындысын алған соң босатады. Сарапшының кәсіби құзыреттілігін
бағалау тек олардың анкеталық деректерін танысумен шектелмейді, сол
сияқты сараптамамен анықталған мән-жайларды тереңірек зерттеумен,
сарапшының зерттеу кезінде қолданылған әдістерін, алынған нәтижелердің
негізділігін де анықтаумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: