60
II. Арнайы бөлімі
Сот сараптамасының жеке түрлерін тағайындаудың
ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері
10 тақырып. Құжаттардың сот сараптамасы
Құжаттардың сот сараптамасының тегі үшке бөлінеді: сот-қолжазба
сараптамасы, құжаттардың сот-техникалық сараптамасы, сот-авторлық
сараптамасы.
10.1. Сот-қолжазбалық сараптама
Объектілері.
Сот-қолжазбалық сараптамасының объектілері – әріптік-
сандық жазбалары, қол таңбалар, қолмен жазылған әр түрлі түртінділер
(символ). Аталған объектілер бірнеше түрге бөлінеді: әр түрлі жастағы (қарт
адамдар, жасөспірімдер), сауатсыз және психикалық ауруға шалдыққан
адамдармен, әр түрлі жағдайларда жазылған жазбалар (қолтаңбалар).
Объектілерге сәйкес сараптамалық әдістемелер жасалды: мысалы,
сауатсыз, есірткі заттарымен, алкогольді мастық күйдегі қолжазбаларды
(қолтаңбалар) зерттеу әдістемесі (әріптік түрде) т.с.с.
Пәні.
Сот-қолжазбалық сараптаманың пәні азаматтық, қылмыстық
және әкімшілік өндірістегі фактілер (мән-жайлар) және олар сот-қолжазба
саласындағы арнайы білім негізінде анықталады.
Міндеттері.
Сот-қолжазбалық
сараптаманың
міндеттері
диагностикалық, ситуациялық, классификациялық және идентификациялық
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: