Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сәйкестендіру (идентификационные) міндеттер



Pdf көрінісі
бет62/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Сәйкестендіру (идентификационные) міндеттер
бір тұлғаның нақты 
бір мәтінді немесе бірнеше мәтіндерді жасағанын, мәтіннің бөлек 
фрагменттерін бір тұлға жасағанын анықтау болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылуы мүмкін: 

зерттеліп жатқан құжаттың мәтіні кіммен, Н., П. есімді тұлғамен 
немесе басқа адаммен жасалған (оның атауын, нақты жазуларын және 
олардың құжаттар орналасуын көрсету керек); 

бірнеше құжаттардағы мәтіндер бір немесе бірнеше тұлғалармен 
жасалды ма, немесе бір құжаттағы мәтіннің кейбір бөлшектері.
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Сот-авторлық сараптамалық зерттеуге жіберілетін материалдар 
құжаттар болып табылады. Олар заттай дәлелдемер (хаттар, сол сияқты 


76 
жыртылған жазбалардың үзінділері немесе компьютерлік мәтіндер, бейне 
кассеталар т.с.с.).
Сараптама тағайындаудың алдында тергеуші (сот) құжаттарды мұқият 
қарап шығуы керек. Қараудың нәтижесі зерттеудің нақты объектісін 
анықтауға және сарапшының алдына дұрыс сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. 
Сирек жағдайларда сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптаманың 
пәніне жататын мән-жайлар енгізілуі керек (зерттеуге жататын құжаттарды 
табу жағдайлары, мәтіндердің үлгісі т.с.с.). 
Сот-авторлық сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару 
кезінде тергеуші (сот) нақты объектіні көрсетуі керек: мәтін немесе оның 
үзінділері. Егер қолжазбаларға олардың реквизиттеріне қатысты емес 
сараптама тағайындалса, оның бастапқы және соңғы сөздері және мөлшері 
көрсетіледі (жолдарының және беттерінің саны). Қолжазбаның үзінділерін 
зерттегенде оның мәтіндегі орналасу орны мен мазмұны анықталады. 
Сараптама тағайындаған соң тергеуші (сот) сарапшыға зерттелетін объектісі 
бар құжатты ұсынуы керек. 
Мәтіннің мазмұндық мағынасын анықтау үшін (жағымсыз теріс баға 
беруінің орын алуы) зерттелетін мәтіннің (қолхат, мақала, газет басылымы, 
диктофондық қолжазба) өзі ұсынылса жеткілікті т.с.с.
Сот-авторлық сараптаманың идентификациялық емес міндеттерін 
шешу үшін адамның сөйлеу үлгісінің үш түрін ұсыну керек: ерікті, 
эксперниментальды және шартты-ерікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет