112
технологиялық,
химиялық, техникалық ғылымдарды қолдана отырып
анықталатын деректер құрайды. Сараптама кісі өлтіру, денеге зақым келтіру,
зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша тағайындалады.
Сол сияқты,
аталған сараптама әкімшілік, азаматтық сот өндірістерінде де
қаралады.
Диагностикалық және классификациялық
міндеттерді шешу үшін
сараптамаға келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерде табылған бөлшектердің табиғаты қандай ?
объект-тасушыда (жәбірленуші немесе сезіктінің киімінде) металл,
шыны т.с.с. бөлшектері бар ма ?
оқиға болған жерде табылған бөлшектер қандай бұйымға жатады ?
шыны бөлшектері көліктің жарықты шашыратқышының (алдыңғы
әйнегінің) шынысы ма?
фара шынысының бөлшектері көлік құралының қай түрінікі ?
шыны бөлшегі бөтелке немесе өзге де бұйымдағы шыныларға жатады
ма ?
зерттеуге ұсынылған бұйым шынысының құрамында қорғасын тотығы
бар ма ? болса оның пайыздық мөлшері қандай ?
бөлшектің химиялық құрамы қандай ?
бұйым жасалған металлдың құймасы қандай ?
зерттеуге ұсынылған бұйымның металы
қымбат немесе жартылай
қымбат металлға жата ма ?
зергерлік бұйым металлының құрамында алтын бар ма ? болса оның
пайыздық мөлшері қандай ?
әр түрлі оқиға болған жерден алынған салыстырмалы үлгілердің тектік
(топтық) қатыстылығы бар ма ?
болса нақты қандай ?
ұсынылған бұйымның (заттар) физико-химиялық талаптары ұсынылған
құжаттар мен нормативті талаптарға сай ма ?
Ситуациялық
мазмұндағы міндеттерді шешу үшін
сот сараптамасына
келесі сұрақтар қойылады:
бұйым материалы сынуының себебі;
бұйым металы термикалық (механикалық, химиялық) әсер етудің
нәтижесінен бұзылған жоқ па ?
бұзуға әкеп соққан шыны қай жағынан соғылған ?
Достарыңызбен бөлісу: