114
-
объект-тасушыда (жәбірленуші не сезіктінің киімінде)
топырақтың
пайда болу механизмі қандай ?
-
объект-тасушыда (жәбірленуші не сезіктінің киіміінде) топырақтың
пайда болу мерзімі қандай ? т.с.с.
Идентификациялық
міндеттерді шешу үшін сот сараптамасына келесі
сұрақтар қойылуы мүмкін ?
объект-тасушыдағы зерттеуге ұсынылған үлгідегі
жер учаскісінің
топырақ қабаттары қалдырылған ба ?
жәбірленушінің киіміндегі топырақ қабаттары №… жертөленің
топырағы емес па ?
№ ... автокөліктің дөңгелектерінде анықталған топырақ Н.
есімді
азаматтың мәйіті табылған жер телімінің топырағына жатады ма?
сезікті мен жәбірленушінің аяқ киімдеріндегі топырақ үлгілері бір жер
учаскісінен алынған кескіндер емес па ?
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Істің мән-жайларына қатысты сараптамаға келесі материалдар жіберіледі:
-
объект-тасушылардағы (көлік
құралдары, киімдер, аяқ киімдер,
зақым
келтіру қарулары т.с.с.) топырақтың қабаттары;
-
нақты жер учаскісінің салыстырмалы және бақылау үлгілері;
-
заттай дәлелдемелерді алу туралы хаттамалар;
-
оқиға болған жерді қарау туралы хаттама (учаскіні сипаттау,
мұндағы
өсімдіктер мен техногендік заттарды сипаттау) т.с.с.
Топырақтың салыстырмалы үлгілері жер учаскісінің белгілі
шекарасынан не іс материалдарына қатысты
тергеушімен белгіленген
шекарадан алынады.
Бақылау үлгілері оқиға болған жерге жақын учаскілерден алынады.
Сот сараптамасын тағайындау барысында келесі талаптар орындалуы
керек:
-
топырақтың қабаттарын объект-тасушымен бірге жіберу (киім-кешек,
қару);
-
заттай дәлелдемелерді буып түю объект-тасушылардағы
топырақ
қабаттарын сақтайтындай болуы керек;
-
учаскінің бетінен топырақ үлгісін алған кезде оның терендігінің
мөлшерін сақтау керек (бір үлгінің салмағы 50-100 гр);
-
салыстыру үлгілерінің саны зерттеу үшін жеткілікті болуы керек (5
үлгіден кем емес);
-
оқиға болған жерді қарау туралы хаттамада жер учаскісі мұқият түрде
сипатталуы керек (улы химикаттрмен өңделуі, метео жағдайлары т.с.с.);
-
нақты әр бір үлгіні алған жерді кестеде бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: