Microsoft Word аталық модуль толық


Ен - аталық жыныс бездері



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата15.11.2023
өлшемі1,04 Mb.
#123484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
аталық модуль толық

Ен
-
аталық жыныс бездері 
Қызметтері:

Генеративтік қызметі: Аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтарды түзу.

Эндокриндік қызметі аталық жəне аналық жыныс гормондарын, сондай-ақ басқа 
да бір қатар гормондар мен биологиялық белсенді заттарды синтездеп шығарады. 
Құрылысы:
Ен паренхиматозды бөлшектенген мүше. Онда күрделі түтікше түріндегі 
экзокринді жəне эндокринді бездердің құрылысына тəн белгілері қалыптасады. Еннің 
экзокринді бөлігінен бөлініп шығатын зат( сөл немесе секрет) ұрық сұйығы- сперма. Ал, 
аталық жыныс гормондарымен басқа да бірқатар биологиялық белсенді заттарды – еннің 
эндокринді бөлігі синтездеп қанға шығарады. 
Еннің стромасы – белокты қабық ( оның үстін сірлі қабық қаптайды) жəне одан 
тараған трабекулалардан немесе перделерден тұрады. Белокты қабық пен перделер 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

арасындағы кеңістікті интерстициалді БТДТ ( борпылдақ талшықты дəнекер тіні) алып 
жатады. Белокты қабықтың сыртқы қабаты қалың талшықты дəнекер тіннен түзілген 
жəне онда миоциттері де болады. Ал, ішкі қабаты БТДТ құрайды, онда қан тамырлары 
өте көп, сондықтан да бұл қабатын тамырлы қабат деп атау жиі кездеседі.
Еннің ортаңғы бөлігіндегі белокты қабығының тығыздалып, қалыңдауы 
Гайморово денешігінің түзілуіне əкеліп соғады. Денешіктен радиальді түрде тараған 
тарбекулдар немесе перделер безді көптеген бөліктерге бөледі.
Еннің паренхимасы – 
иректелген, тік жəне еннің тор
түріндегі ұрық 
түтікшелерінен түзілген. Əрбір ен бөліктерінің саны шамамен 200-ге тең. Əр бөліктегі 
түтікшелердің ұзындығы 80см-ге дейін жететін, 1-4 иректелген ұрық түтікшесінен 
тұрады. Сперматогенез процесі жүретін иректелген ұрық түтікшелерінің жалпы 
ұзындығы осыған байланысты 160-тан 640 метрдей. 
Иректелген түтікшелер
біртіндеп 
келе 
түзу түтікшелерге
айналады, одан бір - бірімен, байланыса 
еннің торын
құрайды.
Еннің құрылымдық – қызметін атқаратын бірлігі 
иректелген ұрық түтікшелері

Бұлардың сырты үш қабықтан тұратын меншікті қабықпен тысталған: ішкі 
талшықты(базальді), миоидты жəне сыртқы талшықты қабаттары. Ішкі талшықты қабат 
коллаген талшықтарының тобынан түзіледі. Миоидты қабат иректелген түтікшелерді 
жиырып( дм-н қысатын) тұратын миоидты жасушалар түрінде болады. Сыртқы 
талшықты қабат екі бөліктен: миоидты жасушалардың базальді мембранасынан жəне
коллаген талшықтары мен фиброциттерден қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет