МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО -
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 9
қалыптасуына жол ашады. Бұл кейін, өз кезегінде тұқым өсірудің саулығына, дұрыс
болып өсуіне септігін тигізді.
•
Қыртыстық деңгей, мидың үлкен жарты шарларының қыртысы (ми қыртысы)
аталық жыныстық қызметін реттей отырып, оның қалыпты жағдайда жүзеге асырылуын
қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі зақымдалған адамда сперматогенездің басылып тежелуі,
тіпті мүлдем тоқтап қалған жағдайлары белгілі. Осыдан психоз бен реактивті күйлер де
бұзылады.
Ұрық шығару жолдары Ұрық шығару жолдары біраз қызметтер атқарады:
•
ұрықты сақтау;
•
трофикалық (қоректендіру, жүйке жүйесінің адам ағзасына əсер етуі);
•
ұрықтануға дайын күйге жеткізу немесе белгілі бір межеге (кондицияға) жеткізу;
•
контус кезінде бөлінуіне;
•
секреция (бөліп шығару) қызметі;
•
эндокриндік қызметі ;
Ұрық шығару жолдарындағы негізгі тін
эпителий болып табылады. Ұрық
жолдарының
əр
бөлігіндегі
эпителидің
құрылысы
əр
түрлі
болады.
Ол
сперматозоидтардың жетілуін жəне тасымалдануын (жылжуын) қамтамасыз етеді. Себебі
иректелген түтікшелерде ең алғаш түзілгенде сперматозоидтар жылжымайтын,
қозғалыссыз күйде болады. Олар жаңадан түзілген сперматозоидтың қысымымен,
эпителиоциттер кірпікшелерінің қозғалысының əсерінен жəне ұрық шығару жолдарының
бұлшық етті қабығының жиырылуы арқылы ұрық жолдары бойымен жылжиды.
Эпителий ұрық сұйықтығының қайта сіңірілуін жүзеге асырады. Еннен шығарылатын
ұрық сұйықтығының 90%-дан астам бөлігін қайта сіңіріп алады.
Эпителиде APUD – жүйелерінің эндокриндік жасушалары болады. Олар ұрық
шығару жолдарының
секреторлық жəне
моторикалық белсенділігін реттеп отырады.
Ұрық шығару жолдарында инервациясы болмайды. Олардың жиырылуына гуморальді
жəне гормональді факторлар, ең алдымен андрогендер əсер етіп, реттейді. Ұрық шығару
жолдарында сперматозоидтардың бойлық (түтіктің ұзына бойымен) қозғалатын
факторлары бөлініп отырады. Бұл фактор сперматозоидтардың мембранасымен
байланысып, қосылған соң ғана, ұрық қозғалысқа келеді. Ұрық шығару жолдарына:
тік түтікшелер жүйесі, ен қосалқысы (түтігі), ұрықты алып шығаратын өзек жолдары мен несеп шығару каналы жатады .
Тік түтікшенің қабырғасы – бір қабаты куб немесе цилиндр түріндегі
эпителиймен тысталған. Бұл эпителиоциттердің апикальді полюстерінде микробүрлері
мен аздаған ғана кірпікшелері болады. Ал, эпителиоциттердің базальді полюсінің
астында меншікті пластинкасы мен миоциттер орналасады.
Еннің торы – бір қабатты жалпақ куб тəрізді эпителиоциттермен тысталған.
Бұл жасушалардың биіктігі əртүрлі жəне апикалды полюсінде бір ғана кірпікшелері
болады. Эпителиоциттердің сыртын
базальді мембрана мен
меншікті пластинка қоршайды.
Ұрық шығатын каналдары –
түтікшелері, ен қосалқысының басында
орналасқан. Сырты үш қабатпен тысталған. Олар
кілегейлі, етті жəне
сыртқы