Сұйық ионселективті электродтар Сұйық мембраналы электродтарда салыстырмалы ерітінді
зерттелетін ерітіндіден құрамында сұйық иониті бар, сумен
араласпайтын, бірақ анықталатын ионмен селективті әсерлесетін
жұқа органикалық сұйықтық қабатымен бөлінген. Сонда ион-
сезгіш органикалық сұйық қабат осы сұйықтықпен сіңірілген
пластиктен жасалған кеуекті гидрофобты мембрана болып
табылады. Сұйықтықты ионселективті электрод сызбасы
2.2-су- ретте келтірілген. Ішкі хлоркүмісті электрод (1) MCl
2
ері-
тіндісіне батырылған, мұндағы, М – анықталатын катион. Кеуекті
32
мембрана (3) бір жағымен хлоркүмісті электродтың салыс-
тырмалы ерітіндісімен ал екінші жағымен зерттелетін ері-
тіндімен шектеседі. Резервуардағы мембрана сіңіретін ионсезгіш
сұйықтық (2) сумен араласпайтын, қолайлы еріткіште ерітілген,
қышқылды, негізді немесе хелаттүзгіш функционалды топтары
бар сұйық органикалық иониттен тұ-
рады.
Кальцийді анықтау үшін осындай
типті электродта сұйық ионит ретінде
диалкилфенилфосфонитте немесе осы-
ған аналогты композицияда еріген ал-
килфосфор қышқылының кальций тұ-
зын қолданады. Ішкі хлоркүмісті салыс-
тыру электродында бұл жағдайда CaCl
2
бар. Ионселективті мембрананың
әр жағынан тепе-теңдік орнайды:
𝐶𝑎𝑅
2(орг)
↔ 2𝑅
(орг)
−
+ 𝐶𝑎
𝑐𝑦
2+
.
Салыстырмалы ерітіндідегі Са
2+
ионының концентрациясы
(және активтілігі) тұрақты, сондықтан электрод потенциалы
зерттелетін ерітіндіде Са
2+
ионының концентрациясына (активті-
лігіне) ғана тәуелді болады.
Бұл тәуелділік Нернст теңдеуімен беріледі:
𝐸 = 𝐸
мембр
0
− 0,029𝑙𝑔𝑐
𝐶𝑎
2+
.
(2.11)
(2.11) теңдеу 10
-5
-тен 1 моль/л-ге дейінгі концентрация
аймағында рН 6,0-11,0 аралығында қолданылады. рН-тың жоға-
ры мәнінде Са(ОН)
2
тұнбасы түзілуі мүмкін, ал қышқылдық ай-
мақта сутек ионының әсерінен органикалық иониттің кальций-
мен тепе-теңдігі күрделене түседі.
Практикада ионселективті мембраналы электродтар калий,
натрий, аммоний және басқа да иондарға да қолданылады. NH
3
,
NO және басқа да газдарды анықтау үшін газсезгіш мембраналы
электродтар да құрастырылған. Қабыршақты электродтарда
2.2-сурет. Сұйық
ионселективті электрод
сызбасы
33
сұйық мембрана орнына жұқа қабыршақ қолданылады. Қабыр-
шақты электродтар механизмі мембраналы электродтардағы
сияқты, бірақ та олар ұзағырақ және жұмыс жасауға ыңғайлы.