Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет16/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Қатты ионселективті электродтар 
 
Қатты мембраналы электродтарда ионсезгіш элемент ион 
өткізгіш сипаты бар аз еритін кристалдық заттан жасалады. 
Мұндай кристалдағы заряд тасымалы кристалдық тордағы 
ақаулар есебінен жүреді. Бос орындарда тек белгілі бір өлшемді 
және зарядты иондар ғана орын алуы мүмкін, кристалдық мем-
брананың жоғары селективтігіне негіздейді. Мұндай электродтар 
құрылысы жағынан шыны электродтарға ұқсас: екі электродта да 
мембрана зерттелетін ерітінді мен салыстыру электроды (әдетте 


30 
хлоркүмісті) болатын салыстыру ерітіндісін бөліп тұрады. 
Осындай типтегі электродтардан 
фторидтік электрод
кеңінен 
қолданылады. Бұл электродта мембрана ретінде таза фторидтік 
өткізгіштікке ие және электрөткізгіштігін күшейту үшін EuF
2
қосындысы бар LaF
3
монокристалы қолданылады. Фторидтік 
электродтың сезімталдығы өлшеулерді фторид иондарының F
-
тепе-теңдік концентрациясының кең 10
-6
-дан 1 моль/л-ге дейінгі 
аралығында жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл салада Нернст 
теңдеуінен ауытқу байқалмайды. Электрод селективтігінің жоға-
рылығы соншалық фторид ионымен салыстырғанда бөгде 
(галогенид, нитрат, сульфат иондары және т.б.) иондардың 1000 
есе артық болуы F
-
ионын анықтауға кедергі келтірмейді және тек 
ОН
-
иондар қатысында селективтік төмендейді (ОН
-
кедергі 
жасайтын ион). Фторидтік электрод жұмысын ерітіндіде La
3+
ионымен берік координациялық қосылыс түзетін лигандтардың 
болуы төмендетеді (цитрат, оксалат ионы және т.б.). Сонымен 
қатар орта қышқылдығы артқан сайын фторид иондарының 
F
-
тепе-теңдік концентрациясы HF молекуласының түзілу есе-
бінен төмендейді. Осылай, қышқыл аймақта фторидтік электрод 
көрсеткіштері рН-қа тәуелді болады. Сілтілік аймақта электрод 
бетінде электрод көрсеткіштерінің ауытқуын тудыратын La(OH)
3
тұнбасы түзілуі мүмкін. Фторидтік электрод көрсеткіштері рН-қа 
аз тәуелді. рН-тың нақты шекарасын көрсету қиын, өйткені фтор 
ионының концентрациясы төмендеген сайын бұл аймақта кіші-
рейе береді. Фторид иондарының концентрациясы n∙10
-4
моль/л 
және одан көп ерітінділер үшін бұл интервал 4-5-тен 8-9-ға 
дейінгі рН-аралығын қамтиды. 
Фторидтік электрод ауызсуда, түрлі биологиялық сынама-
ларда, дәрумендерде фторид иондарын анықтауда және қоршаған 
ортаның ластануын бақылауда және т.б. қолданылады. Сонымен 
қатар ол ерітінділерде фторидті комплекстердің түзілу үрдісін 
және т.б. фторид иондары қатысатын реакцияларды зерт- 
тейді. 
Практикалық маңызы бар, Ag
+
және S
2- 
иондарының кон-
центрациясын өлшеуге қолданылатын ионселективті электрод – 
күміс сульфидінен жасалған мембранасы бар ионселективті 
электрод. Ag
2
S мембранасында Ag
+
иондары қозғалғыш. Осы 
электродпен 
күмісті 1-ден 10
-7
моль/л-ге дейін, кейбір жағдайда 


31 
10
-12 
моль/л-ге және одан да төмен концентрацияда анықтауға 
болады. Осындай аз концентрацияда S
2-
иондары да анықталады. 
Күміс сульфиді негізінде түрлі галогенидті және металсезгіш 
электродтар құрастырылады. Ол үшін күміс сульфидіне күміс 
галогенидтерін немесе мыс, кадмий, қорғасын және басқа да 
металдардың сульфидтерін енгізеді. Осындай күміс сульфиді 
негізіндегі сәйкес галогендер қосындылары бар электродтар Cl
-

Br
-
, I
-
, CN
-
және т.б. иондарға сезімтал. Күміс сульфидіне басқа 
металдың сульфидтерін енгізу екінші сульфидпен енгізілген 
металға (Cd
2+
, Pb
2+
, Cu
2+
және т.б.) сезімтал электрод алуға мүм-
кіндік береді. Сонымен қатар Cu
2+
ионына сезімтал элек- 
тродтар да қолданылады. 
Гетерогенді қатты электродтарда белсенді зат инертті матри-
цамен араласады. Ионсезгіш белсенді зат ретінде түрлі барий 
сульфаты, кальций оксалаты және т.б. сияқты аз еритін қосы-
лыстар, ал инертті матрица ретінде эпоксидті шайырлар, поли-
винилхлорид, силиконды каучук және т.б. қолданылады. Мұндай 
электродтар потенциалы тұрақты емес және селективтігі жоғары 
емес. 
Ионсезгіш мембранасына өнімдері шыны электродқа әсер 
ететін белгілі бір реакцияны катализдейтін фермент жағылған 
ферментті электродтар қызығушылық тудырады. Осылай түрлі 
бейорганикалық заттарды (фосфат, мочевина және т.б.) анық-
тайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет