Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет15/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Ионселективті электродтар 
 
Ионометрлік әдістің дамуы мен жетістіктеріне әртүрлі 
мембрана негізіндегі ионселективті электродтарды сәтті 
құрастыру елеулі әсер етті. Шыны ионселективті электродтар 
сілтілік металдардың иондарына Li
+
, Na
+
, K
+
, Rb
+
, Cs

және Ag
+

Tl
+
, NH
4
+
сезімтал келеді. Олардың құрылысы мен әсер ету 
принципі шыны рН-электродтардікі сияқты. Едәуір ерекшелігі 
ретінде мембраналар жасалатын шыны құрамын айтуға болады. 
Шыны құрамына Al
2
O
3
-ті қосу Н
+
иондарына емес, металл 
иондарына, мембрананың селективтілігіне оң әсер етеді. 
Натрийлік функциясы бар селективті электрод ерітіндідегі 
натрий иондарымен тепе-теңдікте болады: 
𝑁𝑎
+
(
шыны
) ↔ 𝑁𝑎
+
(
е
р)

Қышқыл ерітіндіде бұл тепе-теңдік сутекпен әрекеттесудің 
әсерінен күрделене түсуі мүмкін: 
𝑁𝑎
+
(шыны) + 𝐻
+
(ер) = 𝑁𝑎
+
(ер) + 𝐻
+
(шыны).
Сондықтан қышқыл ерітінділерде мұндай электрод көрсет-
кіштері өз құндылығын жоғалтады. 
Ионселективті электродтың маңызды сипаттамасына элек-
тродтың бөгде (кедергі жасайтын) иондарға қарағанда берілген 


29 
иондарға неше есе сезімтал екенін көрсететін селективтілік 
коэффициенті жатады. Мысалы, натрий электродының селектив-
тілік коэффициенті калий иондарына қатысты 1000-ға тең болса, 
яғни 
𝐾
𝑁𝑎
+
,𝐾
+
= 10
3
, онда берілген электрод калий иондарына 
қарағанда натрий иондарына 1000 есе сезімтал екендігін көр-
сетеді. Басқа сөздермен айтқанда, электрод натрий иондарының 
концентрациясы 10
-3 
моль/л болған кезде 
Е 
потенциалға ие болса, 
онда осы потенциалға жету үшін калий иондарының концен-
трациясы 1000 есе артық болуы керек, яғни 1 моль/л. 
Электродтың техникалық құжатында электрод селективтігін 
сақтай алатын концентрациядан асу реттілігі көрсетіледі. Мыса-
лы, ЭМ-К-01 маркалы калий электродының құжатында Na
+
және 
NH
4
+
иондарының концентрациясы K
+
ионының концентрация-
сынан сәйкесінше, 200 және 20 есе артық болса, электрод селек-
тивті болып табылады деп көрсетіледі. 
Әсер ету уақыты, яғни электродты ерітіндіге батырғаннан 
кейін потенциалдың тұрақты мәнге жету уақыты, мембрана та-
биғатына, жұмыс әдістемесіне және т.б. байланысты бірнеше 
секундтан бірнеше минут аралығында болады. 
Шыны ионселективті электродтар әртүрлі биологиялық сына-
маларды – қан, плазма және т.б., қоршаған орта нысандарын – су, 
өсімдік, түрлі экстракттарды және т.б. анықтауда қолданылады. 
Ионселективті электродтар көмегімен жүргізілетін анықтаулар 
дәлдігі бойынша жалынды-фотометрлік әдістермен бәсекелеседі 
және көбінесе, жылдамдығы бойынша олардан артық түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет