35
Потенциометрлік титрлеудің компенсациялық емес әдісінде
ЭҚК-ті емес, гальваникалық элементте туындайтын токты өл-
шейді. Титрлеудің бастапқы кезінде элементтің ЭҚК-ін сыртқы
ЭҚК компенсациялайды да, тізбекте ток болмайды. Титрлеу үрді-
сі кезінде компенсация бұзылып, тізбекте ток пайда болады.
Және эквиваленттік нүкте маңында ток, бұл маңайдағы ЭҚК-нің
өсуіне пропорционалды түрде, кенет артады. Эквиваленттік
нүктені токтың кенет артуы арқылы немесе
∆I
∆𝑉
− V
тәуелділігі ар-
қылы анықтауға болады, мұндағы:
∆
I –
∆
V көлемдегі титрантты
ерітіндіге қосқандағы ток күшінің артуы.
Компенсациялық емес әдістерге электродтардың бейме-
талдық жұбымен потенциометрлік титрлеуді жатқызуға болады.
Бұл әдіс әртүрлі жылдамдығы бар кейбір инерттік металдар
жүйесі потенциалының өзгеруіне кедергі жасауына негізделген.
Мысалы, платина тотыққан және тотықсызданған күйлердің
концентрациясының қатынасының өзгеруіне тез, ал вольфрам
баяу жауап қайтарады. Сондықтан тотыққан-тотықсызданған
жүйесі бар ерітіндіге платина және вольфрам электродтарын ба-
тырып, титрлеу барысында екеуінің потенциалдарының айыры-
мын есептегенде, эквиваленттік нүктеге дейін нөлге тең болады,
ал эквиваленттік нүктеде күрт артады.
Кейбір, әсіресе, органикалық заттар қатысатын, тотығу-то-
тықсыздану реакцияларының жылдамдығы оларды титри-
метриялық әдісте қолдануға жеткіліксіз болады. Мұндай жағдай-
да электродтарды біршамалы ток (
10
−2
А
) жіберу арқылы поляри-
зациялайды, бұнымен тепе-теңдік потенциалдарының тұрақтану
жылдамдығын, сонымен қатар титрлеудің күрт өзгерісін кенет
арттырады. Ток өткізіп титрлеу токсыз потенциометрлік титр-
ленбейтін жүйелердің анализін жүргізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: