56
отырып, жоғары айыру қабілетіне ие. Мысалы,
осы әдіспен
қорғасын мен таллийді анықтауға болады,
бұлардың жартылай
толқын ұзындықтарының 2М KNO
3
фон ерітіндісінде 0,06 В-қа
ғана айырмашылығы бар. Интегралды полярограммада екі ион да
ортақ бір толқын ғана түзеді
(2.11-сурет, а),
ал дифференциалды
қисықта екі максимум айқын көрінеді
(2.11-сурет, ә).
Сонымен
қатар диференциалды полярография әдісі дәлірек,
себебі қара-
пайым полярография әдісінде ұқсас сипаттамаларды анықтағанға
қарағанда, максимумның орнын белгілеп,
оның биіктігін өте
жоғары дәлдікпен өлшеуге болады.
2.11-сурет.
Құрамында
𝑃𝑏(𝑁𝑂
3
)
2
және
𝑇𝑙𝑁𝑂
3
бар ерітіндінің полярограммасы
Потенциалдың түзу сызықты берілу
хроноамперометриясы
Электродты үрдістердің зерттеуі мен анализіндегі жаңа мүм-
кіндіктерді
потенциалдың түзу сызықты берілу хроноамперо-
метриясы
ашады. Бұл әдістегі потенциалдың қарапайым өзгеру
жылдамдығы классикалық полярографиядағыдай 2-3 мВ емес,
50 мВ-қа дейін жетеді. Мұнда ток күшін өлшеу үшін гальвано-
метрдің орнына инерциясыз осциллограф қолданылады.
Бұл әдісте алынатын полярограмма үлгісі
2.12-суретте
көр-
сетілген. Электрод қабатындағы
барлық иондардың электро-
тотықсыздануы жүріп, сосын қайтадан төмендейтіндіктен, потен-
циал қалыпқа келгеннен кейін ток бірден жоғары көтеріліп,
классикалық полярографиядағы
I
d
көлемін жоғарылатады,
себебі
электрод қабаты иондармен бірігеді,
бұл кезде диффузияның
жылдамдығы жетіспеушілікті аз уақытта қалыпына келтіруге
57
үлгермейді. Бұл қисықта
максималды потенциал
Е
max
ионның
сапалық сипаттамасы болады, ал максимум биіктігі
h
мах
ионның
концентрациясына пропорционалды келеді. Потенциалдың түзу
сызықты берілу хроноамперометриясы вольтамперометрияға қа-
рағанда, төменірек анықтау шегіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: