Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет72/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Практикалық қолданылуы 
 
Талдаудың фотометрлік және спектрофотометрлік әдістері 
периодтық жүйенің көптеген элементтерін (50-ден аса), ең 
маңыздысы, металдарды анықтау үшін қолданылады. Абсорб-
циялық спектроскопия әдісімен кендер, минералдар және т.б. 
табиғи объектілер, байыту және гидрометаллургиялық кәсіп-
орындардың қайта өңдеу өнімдері талданады. Бұл әдістер метал-
лургияда, электроникада, химияда және басқа өнеркәсіп сала-
ларында, медицинада, биологияда, т.б. тиімді қолданылып келе-
ді. Олардың қоршаған ортаның ластануын аналитикалық бақы-
лауда және экологиялық мәселелерді шешуде маңызы зор. Ішіне 
орнатылған компьютерлік құралдарды, Фурье-спектроскопиясын 
және спектрдің инфра-қызыл аймағын кең пайдаланудың арқа-
сында абсорбционды спектроскопия әдісінің практикалық қолда-
ну аймағы анағұрлым кеңейді.
Бейметалдармен органикалық қосылыстарды спектрофотометр-
лік талдау әдістері дамып келеді. Аминдерді және жалпы азотты, 
борды, фосфорды, кремнийді, күшәнді, оттегіні, күкіртті, гало-
генидтер мен басқа да элементтерді анықтаудың фотометрлік әдісі 
өңделген. Күрделі қоспаларды экстракция немесе бөлу хрома-
тография әдістерімен бөлу және қолданылатын органикалық қосы-
лыстарды фотометрлік талдау үлкен практикалық маңызға ие. Бұл 
жерде амин қышқылдарының, дәрі-дәрмек препараттарының, 
бояғыштардың және т.б. талдауын атап кеткен жөн. Абсорбциялық 
спектроскопия әдістері қарқынды дамып, жетіліп келеді.
 
 
3.1.2. Үлгі есептердің шешімі 
 
1-мысал.
Зерттелетін ерітіндінің жарық өткізуі 80 %-ға тең. 
Осы ерітіндінің оптикалық тығыздығын есептеңіз.


123 
Шешуі.
Есептеу:
𝐴 = − lg 𝑇 = − lg 0,8 = 0,097
формуласымен жүзеге асырылады.
 
 
2-мысал.
KMnO
4
-тің молярлы жұтылу коэффициенті 546 нм 
толқын ұзындығында 2420-ға тең. Қалыңдығы 2 см кюветадағы 
зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығы 0,80-ге тең. 
Т(KMnO
4
/Mn), г/см

неге тең? 
Шешуі. 
(1) теңдеуден молярлы концентрацияны есептеуге 
болады:
𝐶(𝐾𝑀𝑛𝑂
4
) =
0,8
2420 ∙ 2
= 1,65 ∙
10
−4 
моль
дм
3
,
 
 
𝑇(𝐾𝑀𝑛𝑂
4
/𝑀𝑛) =
𝐶(𝐾𝑀𝑛𝑂
4
) ∙ 𝑀(𝑀𝑛)
100
=
1,65 ∙ 10
−4
∙ 55
1000
= 9,08 ∙ 10
−6
г
см
3
,
 
мұндағы С(KMnO
4
) – ерітіндінің молярлы концентрациясы; 
М(Mn) – марганецтің молярлы массасы.
 
3-мысал.
Боялған ерітінінің көлемі 5 см
3
, молярлы жұтылу 
коэффициенті 4000, қондырғы өлшейтін минималды оптикалық 
тығыздығы 0,01; қалыңдығы l = 5 см кюветаны қолданып, ам-
миакты ортада сульфосалицил қышқылымен реакцияласатын 
темірдің (ΙΙΙ) минималды анықталатын массасын есептеңіз.
Шешуі.
Минималды анықталатын концентрацияны С
мин
ке-
лесі теңдеуден анықтауға болады:
С
мин
=
𝐴
𝜀𝑙

Теңдеуге берілген мәндерді қоямыз:
С
мин
=
0,011
4000 ∙ 5
= 5 ∙ 10
−7
моль
дм
3
.


124 
Минималды өлшендіні келесі теңдеумен табады: m = nM, 
мұндағы m – заттың массасы, г; M – заттың молярлы массасы, 
г/моль; n – заттың моль саны; n = CV, сонда:
𝑚(𝐹𝑒
3+
) = 55,85 ∙ 5 ∙ 10
−7
∙ 5 ∙ 10
−3
= 1,396 ∙ 10
−7
= 1,396 ∙ 10
−4
мг.
 
4-мысал.
0,2500 г болат өлшендісі қышқылдар қоспасында 
ерітілді. Ерітінді 100 см
3
өлшем колбасында сұйылтылды. 25 см
3
дайындалған ерітіндіге титанды анықтау үшін сутек пероксиді, 
фосфор қышқылы қосылып, 50 см
3
-қа дейін сұйылтылды. Дайын-
далған сары ерітіндінің оптикалық тығыздығы 0,220-ға тең. Ке-
лесі 25 см
3
өлшемге 0,20 мг титаны бар ерітінді қосылды және 
бірінші ерітінді сияқты дайындалды. Бұл ерітіндінің оптикалық 
тығыздығы 0,500-ге тең. Болаттағы титанның массалық үлесі не-
шеге тең? 
Шешуі.
Бұл жағдайда титанның массасын анықтау үшін қос-
па әдісі қолданылған. Жарық жұтудың негізгі заңы бойынша екі 
теңдеуді жазуға болады:
𝐴
𝑋
= 𝜀𝐶
𝑋
𝑙; 𝐴(𝑋 + 𝐶
𝐶𝑀
) = 𝜀(𝐶
𝑋
+ 𝐶
𝐶𝑀
)𝑙.
𝑒
мен 
𝑙
бірінші және екінші ерітіндіні өлшегенде өзгермей-
тіндіктен, С
x
табуға болады (шындығында, бұл анализделетін үл-
гіде қанша миллиграмм титан бар екенін көрсетеді):
0,220
0,500
=
𝐶
𝑋
𝐶
𝑋
+ 0,20
; 𝐶
𝑋
= 0,1571 мг.
 
Талдауға үлгінің 
1
4
бөлігіне тең аликвотты бөлік алынғандық-
тан, титанның мөлшері келесіге тең: 
𝑚(𝑇𝑖) = 0,1571 ∙ 4 = 0,629 мг

Титанның массалық бөлігін:
0,2500 ∙ 10
3
− 100 %
0,629 − 𝑊
𝑇𝑖


125 
𝑊
𝑇𝑖
=
0,629 ∙ 100
250,0
= 0,25 %
пропорциясымен табуға болады. 
5-мысал.
Майларды гидрлеуге арналған катализатор құра-
мында никельді анықтау үшін 0,215 г катализатордың өлшендісін 
ерітіп, 200 см
3
өлшем колбасында белгіге дейін жеткізді. Осы 
ерітіндінің 10 см
3
бөлігіне калий-натрий тартратын, аммиакты, 
аммоний персульфатын, диметилглиоксимді қосып, 5 минут 
бойы қыздырылып суытылған. Талданатын ерітіндіде 2,1 мг ни-
кель бар екені градиуирлі графиктен табылды. Катализатордағы 
никельдің массалық үлесін табыңыз. 
Шешуі.
Өлшеулер нәтижесінде үлгінің 1/20 бөлігінде 2,1 мг 
никель барлығы анықталды. Сондықтан бүкіл үлгіде никельдің 
мөлшері:
𝑚(𝑁𝑖) = 20 ∙ 2,1 = 42 мг.
Никельдің массалық үлесін:
215 мг − 100 %
42 мг − 𝑊
𝑁𝑖
𝑊
𝑁𝑖
=
42 ∙ 100
215
= 19,53 %
пропорциясымен табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет