118
Экстракциялық-фотометрлік әдістер
.
Экстракциялық әдіс-
тер аналитикалық химияда өте кең қолданылады, сонымен қатар
экстракта талданатын компонентті анықтау фотометрлік әдіспен
қатар, басқа да әдістермен жүргізілуі мүмкін. Сонымен қоса
анықтаудың қажетті жылдамдығын және дәлділігін қамтамасыз
ететін фотометрлік эффективтірек
болып табылатын экстрак-
циялық соңғы әдістердің кейбір топтары бар. Бұл әдістерді әдетте
экстракциялық-фотометрлік әдістер деп атайды.
Анықталатын микрокомпонентті суда еритін боялған қосы-
лысқа ауыстырып, оны экстракциялап, экстракты фотометрлей-
тін әдістеме өте кең таралған. Құрамын әдетте, градуирлеу графи-
гі әдісімен анықтайды. Мұндай әдістеме бөгде компоненттердің
кедергі әсерін жойып, анықтау сезгіштігін арттыруға мүмкіндік
береді, себебі экстракция кезінде микроқоспалардың концентр-
ленуі болады. Мысалы, кобальт немесе никель тұздарындағы те-
мір қоспаларын анықтауды амил спиртімен, тиоцианат комплекс-
терінің экстракциясымен жүргізеді.
Анықталатын компоненттің боялған қосылысының суда еруі
міндетті емес. Мысалы, дитизон
және металдардың көптеген
дитизонаттары суда мүлдем ерімейді,
бірақ көптеген органика-
лық еріткіштерде ериді. Бұл жағдайда талданатын ерітіндіге сәй-
кес органикалық еріткіштегі (мысалы, көміртегі тетрахлоридін-
де) дитизон ерітіндісін қосып, боялған экстракт алады да, оны фо-
тометрлейді. Кейде экстракцияны бір реагентпен жүргізген ың-
ғайлы, ал анықталатын элементтің боялған қосылысын басқасы-
ның көмегімен экстарктан алған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: