119
дінің оптикалық тығыздығы өзгермейді, ал эквиваленттік нүк-
теден кейін қосылған дихроматтың көлеміне пропорционалды
түрде сызықты артады. Эквиваленттік нүктені графиктік жолмен
анықтайды. Ол үшін титрленбеген ерітіндіден бірнеше және аса
титрленген ерітіндіден бірнеше нүкте қажет.
Сұйылтылған немесе әлсіз боялған ерітінділерді титрлеу
кезінде титрлеу қисығында айқын максимум болмайды. Мұндай
жүйелердегі эквиваленттік нүктені анықтау үшін күрделі гра-
фикалық құрылымдар немесе спецификалық математикалық өң-
деуді қолдану қажет.
Фотометрлік титрлеу әдісінің негізгі артықшылығы – басқа
әдістермен титрлеуге мүмкіндік болмаған кезде әлсіз боялған
және сұйытылған ерітінділерді анализдеу мүмкіндігі, сонымен
қатар титрлеу үрдісінің автомизациялануы болып табылады.
Титрлеу кезінде стандартты ерітінді қозғалысқа мотормен
(2)
келтірілетін поршенмен бюреткадан
(1)
ағызылады
(3.11-су-
рет)
. Жарық фильтрі
(6)
және ерітінді
(5)
арқылы өткен жарық
интенсивтілігі реле арқылы мотормен жалғанған фотоэлементте
(4)
тіркеледі. Берілген оптикалық тығыздықтықтың мәнінде
фотоэлементтің сигналы бойынша реле жұмысқа қосылып, титр-
леуді аяқтай отырып, бюретка поршенімен байланысқан моторды
өшіреді. Талдау нәтижелері титрлеуге жұмсалған ерітінді көлемі
бойынша қарапайым жолмен анықталады. Аса титрленген
ерітінділерді қамтитын толық титрлеу қисығы және V функциясы
ретінде
𝑑𝐴
𝑑𝑉
координаттарындағы дифференциалды титрлеу қи-
сығын сызатын құрылғылар белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: