Эмбриология


Эритроцигтердің өмір сүру үзақтығы және картаюы



Pdf көрінісі
бет89/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

Эритроцигтердің өмір сүру үзақтығы және картаюы. 
Эритроциттердіц орта 
есеппен өмір сүру үзактығы 70 тәуліктен 120 тәулікке дейін созылады. Орга- 
низмде күніне шамамен 200 млн эритроциттердің жойылуы жүреді. Олардын 
картаюы кезінде эритроциттердің плазмолеммасында өзгерістер жүреді: мы- 
салы, гликокаликстің күрамында, плазмолемманыц теріс зарядын камтамасыз 
ететін сиал кышкылының мөлшері төмендейді. Цитоканкалык нәруыз 
спектриннін өзгерістері аныкталып, ол эритроциттердің дисктәрізді пішінінің 
сфераға ауысуына әкеледі. Плазмолеммада аутологиялык антиденелердің 
(IgGl, IgG2) арнайы рецепторлары пайда болып, олар осы антиденелермен 
байланысу кезінде жасушаны макрофагтардың «тануын» және әрі карай 
фагоцитозға жалғасуын камтамасыз ететін кешендер түзейді. Қартайып келе 
жаткан эритроциттерде гликолиздің каркындылығы төмендейді, бүл АТФ 
мөлшерінің азаюына әкеледі. Плазмолемманың өткізгіштігінің бұзылуының 
нәтижесінде жасушаныц осмостык резистенттілігі төмендеп, эритроцит-


7.2. Қан
155
терден К ‘ иондарының плазмаға шығып, жасуша ішінде Na+ иондарының 
мөлшерінің жоғарылауы байқалады. Эритроциттердің картаюы кезінде 
олардың газ алмасу кызметі бұзылады.
Лейкоциттер
Жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Лейкоциттер (
leucocytus)
немесе кан- 
ның ак жасушалары, жаңа акқан 
канда, боялған эритроциттерден 
айырмашылығы түссіз болады. Саны жағынан орташа есеппен 4—9Л09/л 
болады, бұл эритроциттердің санынан 1000 есе аз. Қан ағымында және 
лимфа ішінде лейкоциттер белсенді козғалыска ие, қан тамырларының 
кабырғасынан, негізгі корғаныш кызметін атқаратын жері, дәнекер тіндерге 
өте алады. Морфологиялық белгілеріне және биологиялык аткаратын рөліне 
байланысты лейкоциттерді екі топка бөледі: 
туйіршікті лейкоциттер
немесе 
гранулоциттер (granulocytus)
және 
туйіршіксіз лейкоциттер
немесе 
агрануло-
циттер (agranulocytus).
Қанды Романовский—Гимза бойынша кышкыл (эозин) және негізгі (азур II) 
бояуларынын коспасымен бояғанда түйіршікті лейкоциттердің цитоплазма- 
сында оларға тән ерекше түйіршіктену (эозинофилді, базофилді, нейтрофилді) 
және сегменттелген ядролары аныкталады. Ерекше өзіндік түйіршіктердің бо- 
ялуына орай 
нейтрофилді, эозинофилді
және 
базофилді гранулоциттерді
ажы- 
ратады (7.1-суретті караңыз). Түйіршіксіз лейкоциттер тобы — 
лимфоциттер
және 
моноциттер
— арнайы түйіршіктерінің жоқтығымен және сегменттел- 
меген ядроларымен сипатталады. Лейкоциттердің негізгі түрлерінің пайыздык 
ара-катынасы 
лейкоцитарлық формула
деп аталады. Адамда лейкоциттердің 
жалпы саны және олардың пайыздык аракатынасы калыпты жағдайда ішкен 
тамағына, физикалык күш жұмсауына байланысты, мимен жұмыс істеу 
кезінде және әр түрлі аурулар барысында өзгеріп отырады. Сондыктан каннын 
көрсеткіштерін зерттеу диагнозды аныктауда және ем шараларын тағайындау 
үшін кажет. Барлыклейкоциттер жалған аякшалартүзеу аркылы белсенді түрде 
орын ауыстыруға кабілетті және бүл мезгілде олардың денесі мен ядросының 
пішіні өзгеріп отырады. Олар кан тамырларының эндотелиоциттерінің және 
эпителий жасушаларының арасымен жылжуға, базальдык мембрана аркылы 
өтуге және дәнекер тіннің негізгі затымен (матрикспен) козғалуға кабілетті. 
Лейкоциттердің орын ауыстыру жылдамдығы келесі жағдайларға байланыс­
ты: ортанын температурасы, химиялык кұрамы, pH, консистенциясы т.б. 
лейкоциттердің жылжу бағыты химиялык тітіркендіргіштердің — тіндердің
бактериялардың т.б. ыдырау өнімдерінін, ыкпалымен өтетін 
хемотаксиспен
аныкталады. Микробтарды (гранулоциттер, макрофагтар), бөгде затттарды, 
жасушалардың ыдырау өнімдерін (моноциттер — макрофагтар) фагоциттеу 
(жеу), иммундык реакцияларға катысу аркылы (лимфоциттер, макрофагтар) 
лейкоциттер корғаныш кызметтерін аткарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет