Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет95/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Заманауи түсінік
Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол 
туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық 
түрлерін біріктіруші фактор болып табылады.
Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның 
барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер тәлімгерлік 
үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
• тәліптерге мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға жағдай жасайды;
• стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;
• тәліпке шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.


88
Тәлімгерлік пен коучинг бойынша модельдердің көпшілігі ұқсас алғышарттарға 
негізделген, атап айтқанда тәлім алушы тұлға тиімділікпен және шығармашылықпен жұмыс 
істеуге қабілетті, ал тәлімгердің немесе коучтің түйінді рөлі – тәліптерге өз мүмкіндіктерін 
пайдалануға көмектесу деген ұстанымға негізделген 
(4-кесте).
4-кесте.
 Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
• ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-
қатынас;
• тәліп үшін қажеттігіне қарай кездесу ұйымдастыру 
арқылы бейресми сипатта өтуі мүмкін;
• кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт және 
көп аспектілік негізде көрсетіледі;
• тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі көбірек білікті 
мұғалім, негізінен – білім беру ұйымындағы ең 
үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, тәліпке бұған 
дейін қолжетімсіз болып келген мүмкіндіктерге 
«есік аша» алады;
• тәліптің қызметкер ретінде және тұлға ретінде 
өсуіне басты назар аударылады;
• кеңес алу мақсатын тәлімгер тарапынан келісу 
және бағыттау арқылы тәлім алушы адам 
белгілейді;
• тәлімгерлік тәліптердің кәсіби дамуына 
бағытталған.
• қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала 
белгіленеді;
• әдетте, құрылымдық сипатта болады; 
кездесулер алдын ала жоспарланады;
• кездесулер қысқа мерзімді (кейде уақыты 
шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына/
мәселелеріне бағытталған;
• коучте біршама практикалық тәжірибесінің 
болуы міндетті емес;
• коучинг білім алушыларда нақты дағдыны 
қалыптастыруға бағытталған;
• басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік 
проблемаларды шешу;
• кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді 
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
• коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын 
қарауға, нақты мәселелерді шешуге 
бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет