төндірген, оларды Ассирия да білген, Эфес пен Сард қалалары кимерліктердің
қоршауында болған. Б.з.д. VІІ – VІ ғасырлар шенінде кимерліктер Қара теңіздің
жағалаулары мен Қырымнан скифтерді біржолата ығыстырды. Деректерде
Днепрдің сағасындағы Тиры қаласының маңында орналасқан кимерлік
патшалардың зираты туралы айтылады. Дегенмен, кимерліктердің этнос
ретінде қайсыбір археологиялық мәдениетке сәйкес
келетіндігі ғылымда әлі
шешімін таппаған мәселе. Кимерліктердің археологиялық мәдениетін жеке
бөліп алу осы күнге дейін күрделі. Кимерліктерге Кавказдағы қобан мәдениетін,
кейінгі катакомба және қима мәдениеттерін таңатын. Бұндай телу ғылыми
ақталмады. Өйткені Қара теңіздің жағалауындағы даланы скифтерге дейін
мекендеген тұрғындардың жинақтаушы жалпы атауы болса керек. Кимерліктер
таралған аймақтардан скифтерге дейінгі заттар табылған. Олар – дөңгелек
құлақты қола кельттер, екі шеті жүзделген жалпақ пышақтар, имек орақтар,
жапырақ тәріздес келген найзаның ұштары. Бұлардан басқа құйма қазандар мен
зооморфты тұтқалары бар кубоктар да кимерлік уақытқа жатқызылады.
Сонымен қатар бірсыпыра атәбзелдері де кимерлік заманға еншіленеді
Дегенмен, кимерліктердікі деп саналатын заттардың
кешені саны мен құрамы
жағына археологиялық мәдениет деп айтуға келетіндей құрамда емес.
Алғашында кимерліктер кейіннен скифтер мекендеген аймақта қоладан ерте
темір ғасырына өтпелі кезеңде бірнеше археологиялық мәдениеттер болған.
Қара теңіздің солтүстік жағалауында б.з.д. Х-VІІІ ғасырларда мекендеген
қима мәдениетінің жергілікті Собатинск және Белозерск кезеңдерде скифтерге
дейін тіршілік кешті. Алғашқы кезең Днепрдегі Белозерск қойнауындағы
Ушалка ауылының маңындағы қоныс материалдары негізінде зерттелген. Бұл
кезде обалармен қатар үстінде үйіндісі жоқ жерлеулер пайда болады. Жерлеу
заттарының кешенін сараптау осы кезде шаруашылықтың көшпелі дәстүрінің
қалыптаса бастағанын көрсетеді. Тұрмыс жағдайы да өзгеріске ұшыраған.
Жерлеу заттарының қатарында атәбзелдері мен қару қою дәстүрі пайда болады.
Донның төменгі ағысындағы кобяковск мәдениеті де скифтердің алдындағы
дәуірге жатады. Ол мәдениет Кобяков, Хапры, Сафьянов секілді қоныстар
зерттелген. Мәдениет Х ғ. соңынан VІІІ ғ. басына дейін тіршілік кешкен.
Мәдениеттің тұрғындары басқа тайпалармен бірге
кимерліктердің құрамына
кірген деген пікір бар.
Кимерліктердің батыста Румыния мен Болгария жерлеріне дейін таралғаны
белгілі. Шығыс Еуропаның орманды дала аймағында скифтерге дейін чернолеск
мәдениеті қалыптасады. Оның соңғы кезеңі жаботинск скиф дәуіріне
жалғасады. Осы мәдениетке тән ерекшелік мәйітті өртеп, күлін арнайы урнада
немесе шұңқырға жерлеу дәстүрінің таралуы, мәйіттің денесін жерлеу ғұрпы да
кездеседі. Жерлеулері обалар мен жер қабірлер түрінде. Мәдениетті зерттеуде
Жаботинск және Бельск қоныстары елеулі материалдар берген. Жаботинск
кезеңінде жердің бетіне бөренеден тіреулері бар балшық үйлер пайда болған.
Ыдыстары жылтыратылған, сырты сызып салынған үшбұрыш, ромба және
қисық сызықтар түрінде. Қоладан жасалған еңбек құралдары,
қарулар мен
білезіктер кездеседі. Мәдениетке фракия-балкан әлемінің ықпалы байқалады.
Айтылған мәдениеттердің қайсыбірі кимерліктерге жатады деп кесіп айту
қиын. Бірсыпырасы кимерліктерге, қалғаны скифтерге дейінгі тайпаларға тән
болуы мүмкін. Шамасы скифтерге дейінгі кезеңде кимерліктер Қара теңіз
жағалауларында үстемдік құрған, кейіннен ондай күш скифтерге ауысқан. Ал
кимерліктер деген атау тек қана археологиялық мәдениетке ғана емес, тұтас бір
хронологиялық дәуірге қатысты.
Скифтер туралы алғашқы деректер б.з.д. VІІ ғасырда Ассирияның сына
жазбаларында кездеседі. Олардың Ниневиді қоршауға қатысып, Урарту
патшалығын талқандағаны сол деректерде айтылады. Б.з.д. VІІ ғ. соңынан
бастап скифтер Қара теңіз жағалауларын тұрақты мекеніне айналдырған.
Скифстан Төменгі Дунай мен Карпаттан Донға дейінгі аралықты қамтыды.
Оңтүстікте Қара және Азов теңіздерінің жағалауларынан солтүстіктегі орманды
алқапқа дейін таралған аймақтар скифтердің құрамына кірген, бірақ этникалық
жағынан біртекті емес, шаруашылығының түрі
мен тұрмыс салты жағынан
өзара ерекшеленетін тайпалар мекендеді. Қара теңіз жағалауларының солтүстік-
батысын грек-скифтік аралас егінші тайпа – каллипидтер мекендеді. Днепрден
батысқа қарай скиф мәдениетінің ықпалын қабылдаған фракиялықтар өмір
сүрді. Днестр мен Днепр өзендерінің аралығында жер жыртушы скифтер,
Қаратеңіз маңындағы далалық аймақтарда көшпелі скифтер мен патшалық
скифтер тіршілік кешті. Днепр өңірінде өз мекендерін біртіндеп оңтүстікке
қарай кеңейткен егінші скифтер өмір сүрді.
Скифтердің археологиялық ескерткіштеріне деген қызығушылық ертеден-ақ
басталды. Қазан төңкерісіне дейінгі археология негізінен скиф ақсүйектері
жерленген обаларды зерттеумен шектелді. ХХ ғасырдың басына дейін сондай
обалардың 20-сы қазылды. Солардың қатарында Күл-Оба, Чертамлық,
Александрополь, Мордвиновск, Солоха секілді көптеген патша обалары
болды.
Обалардан табылған алтын, күмiс, қоладан жасалған ыдыстар мен
қымбат бұйымдар, әшекей заттары, Каменск, Белск, Неапль секілді қала
орындарын қазудан алынған археологиялық құнды материалдар скифтердiң
қоғамдық-саяси өмiрi мен мәдени дамуынан, шаруашылығы мен тұрмысынан
жан-жақты мәлiмет бередi. Қазан төңкерісіне дейін жүргізілген қазбалар қажетті
ғылыми деңгейде жүргізілмеді. Ол кезде негізгі мақсат алтыннан жасалған
заттар мен өнер туындыларын тауып алумен шектелді.
Кеңес дәуірінен кейінгі
қазбалар қатардағы скифтер жерлеулері мен олардың қалашықтарын қазуға
бағытталды.
Күл-Оба
қорғаны қазiргi Керчь қаласының маңында орналасқан. Мұнда
төбесi баспалдақтанып жабылған тас сағананың iшiне скифтiң ақсүйек әйелi
және күтушiлерiмен бiрге жерленген. Көсеммен бiрге сыртында жануарлар
бейнеленген алтын қынды темiр семсер мен алтын диодемамен қапталған
қорамса (жебенiң құтысы) қойылған. Мәйiттiң басындағы киiзден жасалған
қалпақтың (башлик) сырты алтын қаңылтырлармен өрнектелген. Өрнектердiң
бiрiнде бiр ыдыстан су iшiп жатқан екi скиф – Геродот айтқан достасу ғұрпы
бейнеленген.
Әйелдiң мәйiтiнде өте мұқият
дәлдiкпен жасалған алтын сырға, екi ұшында
жатқан арыстандар бейнеленген алтын алқа, екi алтын білезiк, аяқ жағында
алтын мен күмiстiң қоспасынан жасалған кiшiгiрiм ыдыс тұрды. Ыдыста
чертамлықтан табылған вазадағыға ұқсас жетi скиф жауынгерi бейнеленген.
Жасалу нақышы сондай болғанымен мұндағы скифтер басқа шаруамен
айналысып жатыр. Скифтердiң бiреуi екiншiсiнiң жаралы аяғын байлап жатыр;
үшiншi скиф төртiншiсiнiң тiсiн емдеуде. Олардың арғы жағында садақтың
адырнасын (жiбiн) тартып жатқан скифпен өзара әңгiмелесiп отырған екi
жауынгер бейнеленген. Ыдыстың сыртындағы көрiнiс
асқан дәлдiкпен оның
бойына тең орналастырылған.
Никоплдiң маңында орналасқан атақты сақ обаларының бiрi –
Достарыңызбен бөлісу: