жазылған декрет ілінетін тұғыр және базар алаңы орналасқан. Осы маңдағы
грек театырының да орны ашылған. Қазба барысында астық сақтайтын
арнайы қоймалар Ольвидің скифтермен негізгі саудасы астық болғандығын
білдіреді. Милет, Родос және Самос аралдарымен тығыз сауда қатынаста
болған. Үлкен құрлықтағы қалалардың ішінде Ольвимен Коринф қаласы тығыз
сауда жасаған. Ольвиліктердің б.з.д. V ғасырларда Аттикамен де тауар
алмасқандығын қазба материалдары көрсетеді. Грек қалаларынан қыш
ыдыстармен бірге шарап, май, мата және басқа да қол өнері туындылары
секілді заттар әкелінсе, грек қалаларына астық, мал, балық және құлдар
шығарылды. Ольвиден Грекияның қалалары мен Қара теңіздің жағалауындағы
Геракли, Херсонеспен тығыз сауда қатынастарын баяндайтын тас тақта
табылған.
Б.з.д. VІ ғасырда Ольвия ірі қолөнер орталығына айналды. Әсіресе, металл
өндіру мен ыдыс жасау кәсібі жоғары дамыды. Ольвиде жасалған қарулар мен
әшекей бұйымдары аса бағаланды. Көптеген әшекей заттары скиф
ақсүйектерінің тапсырысымен жасалды. Қазба кезінде ыдыс және қол өнері
шеберханаларымен
қатар
орташа
көлемдегі
кемелерді
жөндейтін
ұстаханалардың орындары да ашылған. Қалаға б.з.д. ІV ғасырда А.
Македонский әскерлері, б.з.д. ІІІ ғасырда көрші скифтер мен батысқа қарай
жылжыған сарматтар тарапынан жиі қауіп төніп тұрды. Қаланың амандығына
мүдделі ірі құлиеленушілер мен қаланың қалталы тұрғындары қорғаныс
сыртқы қорғаныс құрылыстарын салдыруға өздерінің жеке қазынасынан қаржы
бөлгені жазылған деректер табылған. Сондықтан да Ольвии саяси-
экономикалық жағынан қала ақсүйектерге тәуелді еді. Б.з.д. ІІ ғасырда
Ольвиде скиф патшасы Скилурдың бейнесі салынған теңгелердің таралуы
қаланың скиф мемлекетіне тәуелділігімен түсіндіріледі. Кейіннен қаланы
жаулап алған фракиялық гот тайпасы оны аяусыз тонады. Осындай ұрыстардың
және ауыр жағдайға төзбей қоныс аударған саудагерлердің есебінен қала
тұрғындарының саны кеміп, қаланың көпшілік бөлігі қирап, бос қалды.
Дегенмен, археологиялық қазба материалдары қаланың бірсыпыра бөлігінің
біздің заманымыздың бірінші ғасырына дейін тіршілігін жалғастырғанын
көрсетеді. Бұл тұста Ольвидің негізгі тұрғындары гректермен сауда байланысын
жасауға ықыласты скиф тайпалары болды.
Достарыңызбен бөлісу: