Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет8/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
С,С тілінде программалау негіздері

тип_аты 
айнымалылар тізімі

Мысалдар: 
char
sym, cc; 
unsigned char
code; 
int
number, row; 
unsigned long
long_number; 
float
x,X,cc3; 
double
e,b4; 
long double
max_num; 
Сипаттаумен бір мезгілде айнымалылардың бастапқы мәндерін беруге 
болады. Мұндай іс-әрекет 
айнымалыларды инициалдау
деп аталады. 
Сипаттау келесі схема бойынша жүргізіледі: 
типі 
айнымалы_аты 
=
бастапқы_мән;
 
Мысалы: 
float
pi=3.14159, c=l.23; 
unsigned int
year=2000; 
Сипаттау операторының жалпы түрі: 
[жады түрі][const] типі аты [инициализатор]; 
Жады түрі auto, extern, static, register мәндерін қабылдай алады. Жады 
түрі айнымалылардың өмір сүру уақыты мен көріну аймағын анықтайды. 
Егер жады түрі анық көрсетілмесе, онда компилятор оны жариялау 
контекстіне қарай анықтайды. Жұмыс жасау уақыты тұрақты болуы мүмкін 
– программаның орындалу уақытысында немесе блок уақытысында уақытша 
болуы мүмкін. Көру аймағы – программа мәтінінің бөлігі, одан айнымалыға 
кәдімгі қатынас жасауға болады. Шындығында, тек егер ішкі блокта осындай 
атпен айнымалы болмаса ғана көру аймағы мен іс-әрекет аймағы сәйкес 
келеді. Const – бұл айнымалыны өзгертуге болмайтындығын көрсетеді 
(аталған тұрақты). 
Сипаттау кезінде айнымалыға бастапқы мәнді меншіктеуге болады 
(инициализациялау).
Жады түрлері

auto – автоматты жергілікті айнымалы. Auto спецификаторын блок 
объектілерін анықтағанда ғана беруге болады, мысалы, функция денесінде. 


16 
Бұл айнымалыларға жады блокқа кіргенде ғана бөлінеді және одан шыққанда 
босатылады. Блоктан тыс мұндай айнымалылар болмайды.
extern – ауқымды айнымалы, ол программанның басқа жерінде 
орналасады (басқа файлда немесе мәтін бойынша). Программаның барлық 
файлдарында қолжетімді болатын айнымалыларды жасау үшін қолданылады.
static – статикалық айнымалы, ол айнымалы анықталатын файл ішінде 
ғана қолданылады. 
register - auto жадыға ұқсас, бірақ оларға жады процессор 
регистрлерінде беріледі. Егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда 
айнымалылар auto ретінде өңделеді. 
Мысалы: 
int a; //ауқымды айнымалы 
void main(){ 
int b; //жергілікті айнымалы 
extern int x;//х айнымалысы басқа жерде анықталған 
static int c;// жергілікті статикалық айнымалы
a=1;//ауқымды айнымалыға меншіктеу 
int a;// а жергілікті айнымалы 
a=2;// жергілікті айнымалыға меншіктеу 
::a=3;// ауқымды айнымалыға меншіктеу 

int x=4;// х анықтау және инициализациялау 
Мысалда а айнымалысы барлық блоктардың сыртында анықталған. а 
айнымалысының іс-әрекеттер аймағы тек а жергілікті айнымалысы 
қолданылатын жолдардан басқа барлық программа болып табылады. b және с 
айнымалылары - жергілікті, олардың көріну аймағы - блок. Жұмыс жасау 
уақыттары әртүрлі: b-ға жады блокқа кіргенде бөлінеді (өйткені келісім 
бойынша жады классы auto) және шыққан кезде босатылады. с (static) 
айнымалысы программа барысында ғана жұмыс істейді.
Егер анықтау кезінде айнымалыларға бастапқы мән анық берілмесе, 
онда компилятор ауқымды және статикалық айнымалыларды нольге 
теңестіреді. Автоматты айнымалылар инициалданбайды.
Айнымалы аты өзінің іс-әрекет аймағында айырықша болуы тиіс. 
Айнымалыларды сипаттау жариялау ретінде немесе анықтама ретінде 
орындалуы мүмкін. Айнымалыны жариялағанда жады түрі және айнымалы 
типі туралы ақпарат болады, ал анықтамада осы ақпаратпен қатар жадыны 
бөлуге нұсқау береді. Жоғарыдағы мысалда, extern int x; - жариялау, ал 
қалғаны - анықтама. 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет