Кіріспе Қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағытының бірі – білім беру ісін
ақпараттандыру, бұл жаңа ақпарат құралдары мен әдістерін, дамыта
оқытудың идеяларын жүзеге асыруға оқу – тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерін бір – бірімен тығыз байланысты өрістетуге және олардың
тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір
сүруге дайындауға пайдалану деген сөз. Сондықтан білім беруде жаңа
технологияларды пайдалану оқу ісі сапасын жоғарылатады және оқушының
дайындалу процесіндегі ең керекті құралы болып табылады. Қазіргі
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның кеңінен пайдалануға
негізделген оқу курстарын дайындау және жүзеге асыру әдістері туралы
білімді қалыптастыру болып отыр.
Білімгерлер мен оқытушылардың жұмысын жеңілдету үшін осы
жұмысты жазуды ұйғардық. Бұл оқу құралындада Си программалау тілі
бойынша керекті мәліметтер жинақталған.
Өткен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының басында UNIX операциялық
жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерлер әлемінде өзінің
қарапайымдылығымен ерекшеленетін С (ағылшынша СИ) тілі пайда болды.
Бұл тілді жетілдіру арқылы объектіге бағытталған С++ программалау тілі
өмірге келді. Тілдің халықаралық стандарты 1998 ж. бекітіліп, С/С++ тілдері
бүгінгі таңда ең кең таралған тілдерге айналды.
С/С++ тілдерінің артықшылығы – ондағы программалардың жылдам
орындалуы, мәтіннің қысқалығы, түйінді сөздердің аз болуы т.с.с жатады.
Бұл оқытушыларға материалды түсіндіргенде және берілген тақырып
бойынша білім тексергенде көмекші болуға ыңғайлы. Бағдарламалау пән
ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Қазірге кезде программалау
тілдерін оқытуда әлі де болса көптеген мәселелер бар. Программалау тілдерін
оқытуға өз тіліміздегі оқулықтар жетіспеушілігі бар. Сондықтан қаралатын
мәселелер мен қиыншылықтары кездеседі. Программалау тілдерінің дамуы
олардың деңгейін көтеру, адам мен машинаның қарым-қатынас процесін
жеңілдету, бағдарламалардың тиімділігін арттыру арқылы іске асырылып
отырады.
Алгоритмдеу және программалау информатиканың кенжелеп келе
жатқан бөлігінің бірі, әрі бүгінгі таңда информатиканы оқытудың өзекті
мәселесіне айналуда.
Ұсынылып отырған оқу құралы программалауды енді үйреніп келе
жатқан орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен жоғары оқу
орындарындағы Информатика, математика, физика мамандықтары бойынша
білім алып жатқан білімгерлерге арналады.