10
2. С/С++ тілінің негізгі конструкциялары
2.1 Си тілінің элементтері
Кез келген тіл (орыс, ағылшын, француз және т.б.) бірнеше негізгі
элементтерден:
символдардан,
сөздерден, сөз тіркестерінен
және
сөйлемдерден тұрады.
Программалаудың негізгі идеясы – программаны модульдер (бөлімдер)
тізбегіне бөлу, олардың әрбірі бір немесе бірнеше әрекеттерді орындайды.
Модульге деген талап – оның
орындалуы басынан басталып, соңында
аяқталуы қажет.
Қандай программалау тілі болса да, оның алфавиті мен грамматикасы
бар.
Алфавит
– программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер,
цифрлар, таңбалар және т.б. белгілер).
Ең алдымен СИ тілінің алфавитін жазайық:
Кіші латын әріптері: a, b, c,...y, z
Үлкен латын әріптер: A, B, C, ..., Y, Z
Араб цифрлары: 0, 1, 2, ... , 9
Арнайы символдар: +, -, *, /, \ , = , ?, &, # - номер, ( ), { }, | -
вертикалды сызық, ~ - жоғарыдан қойылатын сызық(тильда).
Басқарушы символдар:
\t – көлденең табуляция;
\n – жолды ауыстыру және
каретканы қайтару
\r – каретканы қайтару
\f - бетті ауыстыру
\b – бір адымға қайтару.
Арнайы символдарға пробел жатады.
Комментарий, жолдар және
арнайы тұрақтыларда басқа да белгілер қолданылуы мүмкін (мысалы, орыс
алфавитінің әріптері).
Пробелдармен (бос орын) бөлінбеген кейбір
символдар комбинациясы
бір мәнді символ болып көрсетіледі. Оларға төмендегі символдар жатады:
++, —, ==, &&, ||, «», >=, <=, +=, -=, *=, /=, ?:, /*, */, //
СИ тілінде шектеуіштері ретінде қабылданған /* және */ символдар
жұбы қолданылуы мүмкін. Мұндай шектеуіштерге программаның оқылуына
көмектесетін түсініктемелер жазылады.
Бұл шектеуіштердің ішінде
келтірілген хабарламалар транслятормен өңделмейді. Мысалы:
/* СИ тіліндегі түсініктеме */
11
Алфавит символдарынан лексемалар қалыптасады – компиляция кезінде
біртұтас болып қабылданатын программаның мәтін бірлігі және ол майда
элементтерге бөлінбейді.
Лексемалар
деп тілдің символдарының тізбегі (идентификатор,
қосымша
сөздер, тұрақтылар, жолдар, операциялық құрама белгілер).
Лексемалар
пробелдер және т.б. графиктік емес символдармен бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: