2.4 Тұрақтылар Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде
көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп атайды. Ол бүтін,
нақты, символдық және жолдық тұрақтылар болып бөлінеді. Олар келесі
ереже бойынша жазылады:
Нақты тұрақтыларды кәдімгі формада бүтін мен бөлшек бөлігін нүкте
арқылы (0.53) немесе экспоненциалды формада (0.5Е1, -0.123Е+4,
985Е-5) жазуға болады;
Бүтін тұрақтыны ондық бүтін сандар (-27) немесе сегіздік (01, 020), он
алтылық санау жүйелерінде (0хА, 0х1В8) жазуға болады;
Символдық тұрақтылар «бір тырнақшаға» - апострофқа алынады ('10',
‘A’, ‘\t’);
Жолдық тұрақты кез келген символдар тізбегінен тұрады, тырнақшаға
алынады («Shar»).
Тұрақтыларды төмендегі тәсілдердің біреуімен анықтауға болады :
өрнектің ішінде жазу;
const кілттік сөзінің көмегімен, мысалы,
const B = 10. Бұл кезде
өрнекте 10 тұрақтының орнына В идентификаторын көрсетіледі. Бұл
тәсілдің артықшылығы, егер бір тұрақты программада бірнеше
кездессе, онда оның мәнін жариялағанда, бір рет көрсету жеткілікті;
#define препроцессорының директивасының көмегімен, мысалы,
#define В 10;
Директива әрбір пайда болған В символын 10-ға
ауыстырады.
Саналатын типті тұрақтылар бүтін санды тұрақтылар тізбегін
анықтауға мүмкіндік береді. Саналатын типті сипаттау
enum қызметші
сөзінен басталады, ал келесі тұрақтылар тізімі фигуралық жақшаға алынады.
Мысалы:
enum {А, B, C, D};
Нәтижесінде А атына 0 тұрақтысы, B атына – 1 тұрақтысы, C – 2, D – 3
сәйкес қойылады. Үнсіздік бойынша бірінші орында тұрған тұрақты мәні
нольге тең болады.
Кез келген тұрақтылар тізбегі үшін оның алғашқысының мәнін
көрсетуге болады. Мысалы: