Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет47/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Есеналиева Жанар
салғастыру тіл жүйесінің (фонетика, грамматика, лексика сияқ-
ты) белгілі бір жағын ғана қарастырады, мысалы, септіктер 
жүйесі, шақ түрлерінің жүйесі, туыстық терминдері т.б. Ал 
бүкіл жүйе типологиясы тілдерді салғастыра отырып, олардың 
типін басым белгілерінің ортақтығына қарай белгілейді (Гухман 
М.М.) және тіл бірліктерінің өзара ықпалын, тәуелділігін 
зерттеп, барлық тілдердің типін бір-бірімен байланысты 
тіл құбылыстарының шоғырланған белгілерінің негізінде 
анықтайды.
Кейбір тіл ғалымдарының пікірі бойынша, бүкіл жүйе 
типологиясын құру мүмкін емес. Сондықтан тілдердің типін 
зерттеу тілдің белгілі бір аспектісіне бағытталуы тиіс (Базел 
Ч.Е), одан кейін солардың негізінде екі не бірнеше тілдерді 
салғастыруға болады екен. 
Біздің ойымызша, аспект бойынша салғастыру 
қарастырылып отырған әр тілдің өзі жете зерттелмесе ғана 
тиімді келеді. Ал бүкіл жүйені салғастыру тіл жүйесінің кейбір 
аспектілерінің (мысалы, сөз тіркесінің құрылысы, сөздің 
морфологиялық және мағыналық жағындағы, олардың өзара 
байланысы т.б.) бір-бірімен байланыстылығынан шығады. 
Осындай жағдайларға сүйеніп лингвистер нақтылы бір тілдің 
негізгі ерекшелігін ашуға тырысады.
Жалпы тіл білімінде лингвистиканың ерекше саласы 
типологияның жаңа үрдістерін талдауда және оның орны, ролі, 
мақсат-міндеттерін анықтауда үш түрлі бағыт қалыптасқан: 
- типологияны компаративистиканың бір тарауы, кез-кел-
ген тілді ішкі құрылымына байланыссыз салғастыратын 
ғылым ретінде түсіндіреді (С.Д.Кацнельсон; Э.А.Макаев; 
В.Н.Ярцева; 1967; В.М.Солнцев;
- лингвистикалық типология өзінің зерттеу пәніне 
салғастырудың барлық түрін, яғни генетикалық, 
құрылымдық, 
ареалды 
және 
салғастырмалы 
типологияны қамтитын жеке ғылыми пән ретінде 
интерпретацияланады (Дж.Буранов; Б.Ю.Городецский; 
В.П.Нерознак;


– 
92 

Салғастырмалы тіл білімі
- лингвистикалық типология ғылыми пән ретінде 
ұғынылады, алайда «тілдерді құрылымдық зерттеуден» 
(контрастивті 
лингвистика 
мен 
сипаттамалы 
лингвистикадан) түбегейлі ерекшеленеді. Әртипті 
тілдерді салғастыруда таңдап алынған критерийлер – 
«контенсивті типологиядағы» субъективті-объективті 
қатынастар (Г.А.Климов) «жүйелі типологиядағы» 
доминанттар 
(Г.П.Мельников), 
яғни 
тілдерді 
салғастырғандағы қандай да бір зерттеудің мақсаты 
анық болып, белгілі бір параметрлерге негізделгенде 
ғана типологиялық зерттеу болып саналады. 
Бағыты мен бағдары сараланған теориялық тіл білімі 
жеке ғылым ретінде екі ғасыр өмір сүргеніне қарамастан, оның 
кейбір лингвистикалық концепциялары ғана тіл теориясын 
бүтіндей нақты түсіндіріп, ұғымдық аппараты мен әдістемелік 
базасын анықтап бере алады.
Зерттеуімізде ерекше мән беріп айрықша типологиялық 
ұстанымның негізі ретінде Г.П.Мельниковтың лингвистикалық 
концепциясын пайдаланамыз. Сондықтан ғалымның іргелі 
еңбегіне тоқталып өткенді жөн санаймыз. 
Г.П.Мельниковтың зерттеулерінде негізгі жалпы 
лингвистикалық мәселелердің барлығы дерлік сөз етілген. 
Олардың негізгілерін атап айтатын болсақ: тіл білімінің нысаны, 
пәні, зерттеу әдістері; тіл және қоғам; тілдің функциясы; тіл 
және сөйлеу; жүйе және тілдің құрылымы; тіларалық жалпылық, 
ерекшелік және ортақ ерекшеліктердің табиғаты, тілдің дамуы, 
т.б.
Г.П.Мельниковтың еңбектері фонология, морфология, 
синтаксис, лексика сияқты тілдің барлық аспектілері мен 
деңгейлерін қамтиды.
Ғалым өз зерттеулерінде жалпы және жеке тіл білімінің 
өзекті мәселелерін тілдердің әртүрлі типтері мен семьяларының 
материалдары, атап айтсақ - үндіевропа, түркі тілдері, семит, 
банту, қытай-тибет тілдері негізінде қарастырады.
Ғалым өзінің тіл туралы теориясын әрдайым синтездеу-


– 
93 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет