Есеналиева Жанар
ші (синтезирующая) деп анықтап көрсетті. Ол тілдің бірін-
бірі толықтыратын тілдік аспектілерін оқытудың жинақтаушы
нәтижелері тіл табиғаты туралы толық білім беретінін дәлелдеп,
өзіне дейінгі В.фон Гумбольдт, И.И. Срезневский, А.А.Потебня,
И.А. Бодуэн де Куртенэ қолданған синтездеу концепциясын
жалғастырды.
Әлем тілдерін салыстырмалы типологиялық зерттеудің
жоғары деңгейдегі репрезентативті сипатына ғалым
Г.П.Мельниковтың «жүйелі лингвистика» немесе «жүйелі
типология» деп аталатын тұжырымдамасы жатады. Ол
«типологиялық монизм» негізінде құрылған лингвистиканың
бір бөлігі болып табылады.
Г.П. Мельников кез келген тіл өзінше икемді,
адаптивті динамикалық жүйе, тілдің жалпы қасиеті оның
жеке элементтерінің ерекшеліктеріне және тілдік жүйенің
элементтерінің арақатынасына байланысты екенін атап
көрсетеді. Субстанциональды элементтер мен тілдік жүйенің
арақатынасы өзара оптималды түрде тығыз бірлікте болатынына
баса назар аударады.
Тілдік элементтердің ішкі динамикасын, синхрондық және
диахрондық бір-біріне бағыныштылығын, сәйкестілігін ашып
көрсету үшін тілдік жүйенің басымдық сипатын – оның д е т е
р м и н а н т ы н (доминантын Ж.Е.) анықтап білу керек. Ғалым
детерминант туралы пікірін «является краткой формулировкой
того способа функционирования, в соответствии с которым
система выполняет свою функцию» деп жалғайды.
Тілдің құрылымы мен субстанциясының бірлігі, жүйелік
қарым-қатынасы нақты детерминанттың барлық деңгейінде
жүреді. Ол туралы Г.П.Мельников былай дейді: «Говорящий
и слушающий, хотя и бессознательно, но обязательно
отбрасывают те языковые средства, которые не обеспечивают
гармонии между функцией, структурой и субстанцией
языковой системы». Тілдік жүйені детерминант тұрғысынан
қарастырғанда жүйенің барлық нақты қасиеттері логикалық
жағынан оның функционалдық ерекшелігінен өрбиді.
–
94
–
Салғастырмалы тіл білімі
Г.П. Мельников алғаш рет семит тілдерінің құрылысын
жүйелі лингвистика тарапынан қарастырып, ол тілдердің
детерминанты жайында «тенденция к максимальной моти-
вированности слов с деривационным значением, выраженным
морфологически», деп пайымдаған.
Семит тілдері құрылысының ерекшеліктерін, сонымен
қатар, қытай және ағылшын тілдерің грамматикасын, лексика-
сын зерттеу барысында ол тілдерде кездесетін деңгейаралық
және деңгейлік корреляция құбылысын типологиялық
ерекшеліктерінің бірі ретінде атап көрсеткен.
Бертін келе автор семит тілдерінің детерминантын
максималды «грамматикализация» тұрғысынан түсіндірді. Оны
семит тілдерінің әрбір сөз формасы мүмкіншілігінше формал-
ды деривациялық бір буыннан өрбіген, өзіндік нақты жасалу
жолы сараланған туынды сөздер болып табылады. Осыдан
семит тілдерінің айрықша көрінетін, өзіне ғана тән мынадай
тілдік ерекшелері туындайды: түбірдің «етістіктенуі», түбірдің
консонанттығы, аффикстердің үзіктілігі (прерывность), көбіне
түбірдің үш дауыссыздан тұратындығы және күрделі сөздерді
қолдануға әуес еместігі т.б.
Ғалым қытай тілінің детерминанты деп «лексикализация»
үрдісінің басымдығын атайды. Ол тілде барынша көп
информация ның берілуі сөздердің грамматикалық мағына-
сындағы тіркесу емес, заттық мағынасындағы тіркесуі екендігін
көрсетеді. Г.П.Мельников қытай тілінде мағынасы контекстен
көрініп тұрса, қайсыбір информация берілмейді деп контекстен
мағынасы түсінікті болса, кейбір сөздерді айтпаса да болады
деп түсіндірген. Мысалы, көптік мағынаны беретін арнайы
лексема
мынь
- «есік, қақпа».
Ағылшын тілі туралы автор Британ аралына неміс
қауымдастығы келгеннен кейін о баста сөзжасамның, сөз
өзгертудің аса бай тәсілдері - түбірдің аффиксациясы, түбірдің
апофониясы бола тұра, көнегерман тілдерінің құрылымы
синтетикалық флективті екендігіне қарамастан, ағылшын
тілінде аналитизмінің айқын белгілері орын ала бастағанын
–
95
–
Есеналиева Жанар
айтады. Бұдан ағылшын тілінің дамуындағы ерекшелік ретінде
тіл жүйесіндегі «грамматикалық» концепция бірте-бірте
«лекси кологиялық» концепцияға көшкендігін көруге болады.
Г.П.Мельниковтың пайымдауынша, сөздің тіркесу ор-
ны, тұлғаның морфемамен немесе басқа жеке сөзбен сәйкес
келуі, сөз таптарының конверсиясы (грамматикалық және
формалды категориялар арасындағы шекараның жойылуы),
тағы басқалардың бәрі - ағылшын тілі мен қытай тілін
типологиялық жағынан жақындастырады, сонымен бірге
оны «грамматикалық» тілдер тобына жататын классикалық
үндіеуропа тілдерінен ерекшелейді.
Алтай тілдерінің детерминанты болса тілдегі көмекші эле-
менттердің үнемделіп жұмсалу тенденциясы бойынша қалыптасады.
Г.П.Мельников барлығы 10 детерминант және 300 сабақты
(переходные) тілдік типтерді көрсеткен. Ғалым нақты тілдік
жүйелер арасындағы айырмашылықтың болуын «различия
между конкретными языковыми системами как раз и возникают
в связи с тем, что каждая из них может иметь специфический
способ функционирования, который является его внутренней
детерминантой», деп жазды.
Кейінірек ғалым «жүйелік типологияда» белгілі бір типтің
басты және негізгі тілдік инвариантының ерекшелігі – ішкі
детерминант ұғымы екендігін айтып, «қазір 4 ерекше контрасты
детерминант бар, олар: флективтік, агглютинативтік, түбір тілдер
және инкорпорациялық» - деп жіктейді. Ғалымның ойынша,
тілдік өзгерістердің болу себебі фонетикалық алмасулардың
шоғырлануынан емес, акцентацияның орын ауыстыруынан
емес, ойлау қабілетінің төменнен жоғарыға қарай өсуінен
емес, тек тілдік жүйенің детерминантының өзгеруінен, тілдегі
жетекші грамматикалық тенденцияның өзгеруінен болады екен.
Тілдерді жеке семьяға бөлгенде оның ішіндегі басқа
топтардың арасындағы ұқсастық - сол семьяның барлық
топтарына ортақ детерминанттың сақталғанының айғағы, ал
алшақтық болса, детерминанттың фазасының әртүрлілігіне
байланысты көрінеді.
–
96
–
Салғастырмалы тіл білімі
Г.П.Мельниковтың пікірінше семит тілдерінің кейбірінде,
мәселен, аналитизмнің өркендеуі, дауысты дыбыстар түбірдің
элементі ретінде қарастырылуы, т.б.семит детерминантынан
алшақтау екен.
Ғалым араб диалектілерін ең алғашқы семит детерми нантынан
алшақ кеткен жүйе ретінде қарастырады, себебі оларда жоғарыда
айтылған ауытқушылықтар (неодетер минанттар) жиі кездеседі.
Біз өз тарапымыздан
Достарыңызбен бөлісу: |