5 Тақырып.
Тілдердің көпөлшемді классификациясы
______________________________________________
5.1. Лингвистикалық типология жіктемелерінің негізі
Жаңа ғасыр таңында ұлтаралық қатынастардың дамуы-
на байланысты, әртүрлі тілдік топтарды және құрылымы
жағы нан мүлдем алшақ тілдерді типологиялық тұрғыдан
зерттеу дәстүрге айналып отыр. Ғылыми ізденістер тіларалық
сәйкестіктердің теориялық негізінің жасалуына үлкен үлес
қосуда. Дегенмен бұл проблеманың тіл ғылымының кейінгі
жетістіктері тұрғысынан әлі де нақтылай түсетін, әлі де
жүйелей түсетін тұстары жоқ емес. Мәселен, соңғы кездегі
лингвистикалық зерттеулерде қайсыбір тіл құбылысын
жаңаша зерделеу, бұрынғы дәстүрлі әдістен шығып
өзгешерек түсіндіру бағыты байқала бастады. Мұндай жаңа
нышан ішінара құрылымы әртүрлі тілдерді типологиялық
жағынан зерттеу мәселесінде де сезіледі. Тіл ғылымындағы
бұл сонылықты ескермейінше құрылымы алшақ тілдерді
салғастырғанда, ол тілдердің ішкі жүйесінің заңдылықтарын
да, олардың грамматикалық табиғатын да толық тану, жете
сипаттау, әрине, мүмкін болмайды.
Қазіргі кезде тілдерді типологиялық жағынан зерттеген-
де мынадай негізгі ұғымдармен байланысты зерттеу қажеттігі
туындап отыр. Ол ұғымдар, атап айтсақ, типологиялық
жіктемелердің негіздері, тіл типі, тілдегі тип, типологиядағы
метатіл, тілдердің көпөлшемді классификациясы, тіл
құрылымындағы типологиялық басымдылық (доминанта),
детерминант, «белгілер кеңістігі» т.б.
Құрылымы әртүрлі екі тілді салғастырғанда ол тілдердің
грамматикалық өзіндік ерекшелігін, типологиялық табиға-
тын көрсететін басты көрсеткіш - тілдік жүйедегі типология лық
басымдылық (доминанттар). Әрбір тілдің жүйесі негізінен бір
немесе бірнеше басым белгілер бойынша анықталады. Мұндай
–
90
–
Салғастырмалы тіл білімі
салғастыруда тілдің жеке (атомарлық) элементтері емес, тіпті
тілдің жеке деңгейлері де емес, тіл тұтас, бүтін жүйе бойынша
салғастырылады.
Тіл аралық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі
тіл білімінде салыстырмалы типологиялық әдісті қолдану –
генетикалық жағынан алыс тілдерді бір-бірімен салғастырғанда
аса маңызға ие болады. Бұл әдіспен зерттеу нәтижесінде жеке
тілдерге тән ерекшеліктер мен тіларалық сәйкестіктерді жан-
жақты зерттеуге мүмкіндік туады.
Лингвистер тіларалық сәйкестіктер мен олардың
типологиялық сәйкестіктерінің спецификалық құбылыс тарына
байланысты әртүрлі теориялық еңбектер жазды. Тілдерді
салғастыру тәсілдерінің негізгі ұстанымдары ресей және басқа
елдердің тілші-ғалымдарының еңбектерінде молынан кездеседі.
Салғастырмалы типология жалпы тіл білімінің қомақты
да маңызды салаларының бірі. Қазақ тілінің құрылымдық
жүйесі басқа тілдермен салғастырылып, олардың тұлғалық
жағынан ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсететін,
салғастырмалы-типологиялық бағытта орындалған көптеген
ғылыми зерттеулер бар. Осы ретте М.М.Копыленко,
С.С.Құнанбаева,
Э.Д.Сүлейменова,
З.Қ.Ахметжанова,
М.К.Исаев, Н.И.Букетова, К.К.Дүйсекова, Н.А.Сәрсембаева,
Қ.Т.Рысалды, Е.Н.Нұрахметов, Е.К.Сәбитова, С.Ж.Тәжібаева,
Б.Қ.Мұрзалина, Г.С.Сағидолда, Ж.Н.Жүнісова, А.Д.Жакупова
т.б. ғалымдардың іргелі еңбектерін ерекше атауға болады.
Тіл білімінің маңызды саласы – салғастырмалы типология
соңғы жылдары қазақ тілін құрылымы өзге тілдермен
салғастыра зерттеу мәселесінде бірталай жетістіктерге
жетті. Мәселен, Т.Айнабекова, Ш.Аргинзинова, К.Ашинова,
А.Бақытов, П.Дәулетова, Р.Жүсіпова, Р.Атаханова, Г.Карбозова,
Т.Қалибекұлы, Б.Мизамхан, Т.Мықтыбаева, Ж.Тұрсынәліқызы
т.б. салғастырмалы зерттеулер жазды.
Лингвистикалық типологияда салғастырылатын материал
жөнінде мынадай екі пікір бар: 1) бүкіл тіл жүйесі бойынша
салғастыру, 2) аспект бойынша салғастыру. Аспект бойынша
–
91
–
Достарыңызбен бөлісу: |