–
84
–
Салғастырмалы тіл білімі
келеді, алайда, орыс тілінің буын түріне ұқсамайды.
3. Әрбір буының өзіндік айтылу ырғағы немесе тоны бар,
оны
этимологиялық ырғақ, этимологиялық тон деп айтады.
Фонемалық құрылымы бірдей буын, әртүрлі дауыс ырғағында,
әртүрлі тонмен айтқанда ол сөз мүлде өзгеше мағынаға
ие болады. Мәселен, қазіргі қытай тілінде 4, ал
вьетнам
тілінде 6 негізгі этимологиялық тон бар. Алайда, аталмыш
тілдердегі барлық буын атаулы ол ырғақтың
барлығын бірдей
қабылдамайды.
4. Аффикстері мүлде болмайтын түбір тілдерде сөздердің
тіркесу тәртібі (орны) мен көмекші сөздердің рөлі өте маңызды.
Сөйлемдегі сөздің (буынның) синтаксистік
функциясын ол
сөздің қандай орында тұрғанына қарап қана ажыратуға болады.
Түбір тілдердегі сөз табы осы күнге дейін ең актуальды
және негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Белгілі бір
этимологиялық тонмен айтылатын бір сөз (буын) зат есім және
етістіктің, зат есім және сын есімнің т.с.с. қызметін атқаруы
ықтимал.
Сонымен, түбір тілдерде сөз түрленбейді, сөзжасамы әлсіз
дамыған, грамматикалық мағына үшін сөздердің орын тәртібі
мен интонация қолданылады.
3.4. Инкорпоративті тілдер
Тілдердің
морфологиялық
классификациясындағы
төртінші тип - полисинтетикалық немесе инкорпоративті тілдер
деп аталады. Бұл типке чукот, юкагир және америка үндістерінің
тілі жатады. Бұл тілдерді арнайы типке бөліп қарастыру мәселесі
лингвистер арасында біраз дау тудырған мәселе. Себебі бұл
тілдер көбіне агглютинативті тілдер қатарына жатқызылады.
Инкорпоративті тілдерде «анықталушы + анықтауыш»,
«толықтауыш + баяндауыш», «бастауыш + баяндауыш»
типті қатынастар жекелеген
бір комплекстің аумағында
болады. Компоненттерді бір ортақ комплекске ортақтастыру -
инкорпорация деп аталады. Комплекстің өзі инкорпорациялық
бүтін деген атқа ие. Бұл типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған
–
85
–
Есеналиева Жанар
үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын
синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөз көлемінде беріле
алады. Мысалы «
мен семіз бұғыларды ғана өлтіремін»
деген
сөйлемді
чукот тілінде
ты+ата+каа+нмы+ркын
деген жалғыз
сөзбен береді. Мұндағы
Достарыңызбен бөлісу: