–
121
–
Есеналиева Жанар
метатілді анықтап алу керек. Метатіл - тіл-құрал көмегімен
нысан тілдің сипатталуын жоғарыда көрсеттік. Дәлірек
айтқанда, біздің ойымызша, метатіл дегеніміз – құрылымы
жағынан бір-бірінен алшақ тілдерді салыстыруды жүзеге
асыруға көмектесетін жүйе, салыстыруды жүзеге асыратын
құрал. Б.А.Успенскийдің айтуынша: «Метаязык- это некоторый
определенный язык (естественный или искуственный) через
который описывается какой-то другой язык» /А.Успенский/.
Жалпы лингвистиканың салаларын, генетикалық
типологияны, құрылымдық (структуралық) типологияны,
ареалды
типологияны,
салыстырмалы
типологияны,
оның ішінде салыстырмалы типология мен контрастивті
типологияның ара жігін айқындаған ғалым Дж.Буранов
«контрастивті лингвистика салғастырмалы тіл білімі ретінде
салыстырмалы лингвистикаға қарағанда екі тілдің жүйесіндегі
жеке бір деңгейлік бірліктерді зерттейді, ал салыстырмалы
типология тілдер жүйесінің деңгейаралық жүйелерін зерттейді»
дей келіп, одан әрі «контрастивтік лингвистиканың өзіндік
нақты қалыптастырылған
Достарыңызбен бөлісу: