Есеналиева Жанар
да тілдер болады деген кейбір лингвистердің көзқарасы, яғни сөз
формалары жоқ деген көзқарас (түбір тілдерде, мәселен, қытай
тілі) бұл тілдер туралы біраз зерттеулер жарық көргеннен кейін
/Солнцева Н.В./ дұрыс еместігі айқындалды. Түбір тілдердің
морфологиялық құрылысы ерекше. Онда сөз басқа типтегі
тілдерге қарағанда өзгеше құрылады. Бірақ бұл тілдердің типін
анықтауда да морфологияның рөлі зор.
40-жылдары А.А.Реформатский морфология грамма-
тиканы ұстап тұрған негіз, қаңқа - дей келіп, морфологияны
тілдік әлемнің орталығы (центр языкового пространства) деп
атаған. Одан ары қарай ғалым өз ойын былай жалғастырады:
«Морфемы, конечно не самоцель для морфологии, а лишь анализ
тех «кирпичей», из которых образуются и блогодаря сочетани ям
которых морфемы становятся элементами лингвистики. ...Тип
языка, его характер определяется не лексикой: она слишком не
прочна и легко переходит из одного языка в другой. Характер
и тип языка определяется прежде всего его морфологией»
/Реформатский А.А, 1979/.
Тілдердің туыстығы деген мәселе грамматикалық
формалардың жақындығы байқалғанда ғана дәлелденетініне
назар аудару қажет.
Ал сөздік құрамға келетін болсақ, жеке сөздердің
ұқсастығы салыстыра зерттеліп отырған тілдер бір-бірімен
туыс дегенге сенімді дәлел бола алмайды. Өйткені белгілі бір
дәуірде белгілі бір халықтар тілдерінің лексикалық элементтері
түрлі себептермен бірінен екіншісіне, екіншісінен үшінші-
төртіншісіне тіпті одан да көп тілдерге ауысып отырады.
Сондықтан тілдердің грамматикалық форманттарында
дәлме-дәл ұқсастықтар байқалғанда ғана сөздердің лексикалық
ұқсастығын көмекші материал ретінде пайдалануға болады.
Шынында да, тілдер бір-бірінен ең алдымен
морфологиялық құрылысымен ерекшеленеді. Тағы да
типологтардың тұжырымдарына келсек: «Типология имеет
отношение в первую очередь к областям морфологии и фонетики;
синтаксис и лексика являются лишь второстепенными областями
–
116
–
Салғастырмалы тіл білімі
применения типологии» /В.К.Скаличка1966/. Осындай
көзқарасты П.С. Кузнецов та айтады. Зерттеушінің ойынша
синтаксистік айырым белгілер морфологияға негізделеді және
типология үшін ешқандай негіз бола алмайды.
Әртүрлі тілдердің синтаксисін типологиялық тұрғыда
зерттеуші И.И. Мещанинов аталмыш тұжырымдарға өзінің
қарсылығын білдіреді: «Обе схемы, построенные на различных
принципах, существуют параллельно и друг-другу не мешают»
/ И.И. Мещанинов/.
Морфология мен синтаксистің рөлі макротипология
және микротипологияда (Скаличканың термині), яғни
тілдердің универсалдық ерекшелігіне негізделген типологияда
бірдей емес. Микротипологияға әрине, тілдің бір жұбының
сипаттамасын енгізуге болады, онда туыс тілдердің барлық
тобына тән ерекшеліктердің бәрін ескеру шарт емес.
Типологияға, типологиялық классификацияға байла-
нысты зерттеулер (Б.А. Серебренников, Ю.С. Степанов, Г.А.
Климов, В.М. Алпатов, В.М. Солнцева, Н.В. Солнцева, В.Н.
Ярцева, В.А. Виноградов, Б.А. Успенский, Р.О. Якобсон,
Н.С. Трубецкой, В. Скаличка, т.б.) ең алдымен морфологияға
сүйенеді. Типологиялық еңбектерде морфологиядан басқа сөз
құрамының барлық құрылымдық ерекшелігі, фонетикалық,
лексикалық және синтаксистік деңгейлердің мәселелері де
қарастырылады.
1966 жыл жарық көрген А.А. Реформатскийдің
«Агглютинация и фузия как две тенденции грамматического
строения слова» мақаласында флективті және агглютинативті
типті тілдердің басты ерекшеліктерін басқа типті тілдерді
анықтауда негізгі критерий ретінде қолдану туралы көптеген
көкейкесті мәселелерге тоқталды.
Салғастырмалы грамматиканың мақсаты – сөздің
морфологиялық құрылымы деңгейінде тілдерді салғастыру.
Яғни сөз құрамы арқылы салғастырылып отырған тілдердің
құрылымын анықтау. Ойымызды И.А. Бодуэн де Куртенэнің
ойымен жалғастырсақ: «Біз тілдерді олардың туыстығына
–
117
–
Есеналиева Жанар
байланыссыз, мүлдем бір-бірінен алшақ тілдерді де салыстыра
аламыз. Географиялық және тарихи алшақ тілдердің өзінен
сәйкестіктерді, тарихи ұқсас процестерді тауып отырамыз».
Әртүрлі тілдерді бинарлы (екі тілді) салғастыру ол
тілдердің өзінде ұқсастықтар мен сәйкестіктер бар екенін
көрсетеді. Тілдерді салғастырмалы контрастивті зерттеу
көптеген тілдерге тән ерекшеліктерді терең және толық
түсінуге, сондай-ақ кейбір тілдерге ғана тән ерекшеліктерді
ашуға көмектеседі. Тілдерді бір-бірімен салғастырғанда осы
уақытқа дейін тіл білімінде, көпшілік жағдайда, олардың жеке
бірліктерінің тұлғалары мен қызметтерінің ерекшеліктерін
және ұқсас қасиеттерін негізге ала отырып, морфологиялық,
синтаксистік немесе фонетикалық деңгейлерінің мәселелері
қарастырылды, олардың жеке категориялық ерекшеліктері
сарапқа салынады.
Қазіргі кезеңде тілді тұтас бір жүйе ретінде қарастыру
дәстүрге айналған кезде, әртүрлі тілдерді салғастыру жеке тілдік
элементтерден гөрі ірі категориялар негізге алыну қажеттігі
айқындалып отыр /Қ.Рысалды, 2007/.
Салыстырмалы грамматиканың тағы бір мақсаты –
зерттеліп отырған тілдің (мәселен, араб тілі) құрылысын
морфология деңгейінде салғастыру арқылы ана тілінің
құрылымдық ерекшеліктерін талдауға машықтану. Тілдерді
салғастыра талдаудың бұл әдістемесі шет тілін оқуда үлкен
көмек болады.
Салғастырмалы грамматиканың өзінінің алдына нақты
мынадай мақсат- міндеттерді қояды:
а) салғастырудың теориялық және практикалық әдістерін
көрсету;
ә) салғастырылып отырған тілдердің морфологиясы ның
құрылымдық заңдылықтарын айқындау;
б) сөз құрамының ұқсас жақтары мен ерекшеліктерін,
морфемалық құрамын айыра отырып, сөз құрамы арқылы
тілдердің морфологиялық типін анықтау.
Қорытындылай келе, қазіргі кезеңде тіл білімінің
–
118
–
Салғастырмалы тіл білімі
негізгі бір саласы болып, салғастырмалы типология түбегейлі
қалыптасып, өзінің зерттеу нысанын, әдісін саралап алды. Бұл
саланың бір бағыттары ретінде құрылымдық типологиямен
қатар: контрастивті, компаративті, контенсивті типологиялар
дараланды. Бәріне бірдей ұстаным - салыстырылатын тілдердің
арақатынасын айқындай келіп, жалпы тілдік негізгі жүйені
пайымдау.
Достарыңызбен бөлісу: |