–
122
–
Салғастырмалы тіл білімі
г) талдау жасалып отырған тілдердің ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін
машина аудармасын
жүзеге асырудың бастау
кезеңі ретінде анықтау /Э.Д Сулейменова /.
Қорыта айтсақ, генетикалық және типологиялық жағынан
әртүрлі тілдер арасындағы ортақ заңдылықтар мен тілдік
ерекшеліктерді, сондай-ақ, ортақ тілдік процестерді ашып
керсетіп, оларға жан-жақты сипаттама беру үшін тілдерді
салыстыра зерттеу қажет.
Салғастырмалы лингвистикада көбіне екі, кейде одан да
көп тілдер салыстырылып, одан шыққан қорытынды қазіргі
уақытта алдына кешенді теориялық және лингводидактикалық
мақсат пен міндеттерді қояды. Ол мақсат-міндеттерге жоғарыда
тоқталғанбыз.
Қазақ тілін құрылымы өзге тілдермен салғастырғанда
(мәселен, ағылшын, француз, неміс, қытай, араб т.б.)
метатіл
қызметін ана тіліміз атқарады. Мұндай генетикалық жағынан
бір-бірінен алшақ жатқан тілдерді контрастивті түрде
салғастырудың мәні шетел тілін үйренгенде, үйреткенде ұқсас
сипаттарын тани, таныта отырып, айырымдық жақтарын
пайымдауда көрінеді. Шетел тілінің жүйесін меңгеру
үрдісінде ана тілімен салғастыру өз тілінің ерекшеліктері мен
айырмашылықтарын жүйелі түрде тереңірек зерделеуге жол
ашады.
Достарыңызбен бөлісу: