Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Лингвистикалық типологиядағы метатіл



Pdf көрінісі
бет58/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

5.4. Лингвистикалық типологиядағы метатіл
Жалпы тіл білімінде эталон тіл немесе метатіл 
ұғымы ерекше орын алады. Алайда, осы ұғым сөздіктерде, 
лингвистикалық әдебиеттерде әртүрлі түсіндіріліп жүр. 
Мәселен, «Тіл білімі сөздігінде» 
эталон тілдің
/фр. etalon – 
үлгі/ үш түрлі мағынасын көрсеткен:
1. Tertium comparationis, универсалиялар лингвистика-
сында және типологияда, контрастив лингвистикада, тілдерді 
өзара салыстыру және сипаттау үшін қолданатын инвариант /
метатіл /.
2. Эталон тіл орнында жүретін табиғи тіл, мысалы, латын, 
грек тілдері.
3. Екінші тілді үйрену кезіндегі ана тілі.
Осы сөздікте метатілді «тіл-құрал көмегімен нысан тілдің 
сипатталуы» деп көрсеткен. Метатіл белгілі бір тілдің заңдары 
бойынша және оның бірліктерінен қалыптасады, сол тілдің бөлігі 
болып табылады. Әрбір нақты тілдегі метатіл лексикографияның 
жасалуымен, терминологияның интернационалдануымен және 
инновациямен, кодификация процестерімен, терминді жүйелеп, 
бір ізге түсіруімен т.б. байланысты ерекшеліктері бар деп 
түсіндірілген.
Метатілге жан-жақты, толық сипаттама берген сөздік 
Ғ.Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі» десе 
болады:
Метатіл
орыс. метаязык /грек.meta арқылы, кейін/- 
адамзаттың табиғи тілін обьект (обьект-тіл) етіп зерттейтін 


– 
119 

Есеналиева Жанар
«екінші қатардағы» тіл, металогиялық тіл. Метатіл термині 
алғашында «формалданған тіл» мағынасында математика мен 
логикада пайда болған. Оның көмегімен обьектілік теориялардың 
қасиеттерін зерттеу, сипатталатын обьектілердің өз деңгейін 
шектеу мақсаты көзделген. Метатіл - металингвистиканың 
зерттейтін обьектісі. Металингвистика – метатілді нысан тілдің 
сипаттау құралы ретінде зерттейтін лингвистиканың бір саласы.
Тіл біліміндегі метатіл көбінесе нысан тілдегідей тіл 
бірліктері негізінде жасалады. Сөйтіп, ол табиғи тілді сипаттай 
отырып, әрі өзі де табиғи тілдің бір бөлігі ретінде көрінеді. 
Тіл біліміндегі метатіл күрделі құбылыс, оның негізінде бір 
жағынан, терминаралық жүйелі қатынастар, екінші жағынан, 
тілді зерттеуде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен 
тұратын жалпы ғылыми лексика жатыр. Метатіл ғылыми қатынас 
құралы ретінде соған сай метасөйлеуде нақты байқалады. 
Метатіл мен метасөйлеудің өзара қатынасы лексикографиялық 
құралдарды жасауда белгілі бір терминдерді түсіндіру 
үшін, сөздік мақалаларға метасөйлеудің үзінділерін кіргізіп 
отырудан көрінеді. Мысалы, «мағына» термині метасөйлеуде
қолданылатын бірнеше сөз тіркесімен сипатталады: «тілдік 
мағына», «ауыспалы мағына», «сөз мағынасы» т.б. Терминнің 
мазмұны метатіл жүйесіндегі тіл бірлігі ретінде нақты сөйлеу 
қызметінде толық анықталады.
Метатілде қабылданған тіл біліміндегі ұғымдар жүйесі 
методологиялық бағыттарға қатысты болып келеді. Белгілі 
бір бағыттың философиялық /методологиялық/ негіздеріне 
байланысты бір терминнің әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. 
Мысалы, 
фонема 
– сөздер мен морфемалардың дыбыстық 
көрінісін ажыратып көрсететін тілдің ең қысқа бөлігі (Мәскеу 
фонологиялық мектебі), дыбыстар семьясы (ағылшын 
фонетикалық дәстүрі).
Метатіл мәселесі типологияға оның ішінде лингвистикалық 
типологияға тікелей қатысты. Лингвистикалық типология - 
туыстық тегіне байланыссыз, тілдердің құрылымдық және 
функционалдық қасиеттерін салыстырып зерттеу. Типология 


– 
120 

Салғастырмалы тіл білімі
үшін екі жақтық (фоносемантикалық) сәйкестік (форма мен 
мағына түрінде) болуы міндетті емес. Ол салыстырылатын 
тіл бірліктерінің не формасымен, не мағынасымен шектеледі. 
Типология жеке тілдердің зерттелуіне сүйене отырып, тілдің 
құрылымы мен қызметі туралы жалпы тіл білімде жасалған 
тұжырымдарды пайдаланады.
Қандай да бір белгілі тілді болмасын, жалпы тілдерді 
болмасын салыстырғанда оларды бағалаудың нақты айырым-
белгісі болуы шарт. Яғни мұндайда эталон-тілдің керектігі 
туындайды. Әртүрлі тілдерді зерттеп, оларға жан-жақты 
сипаттама бергенде, ол тілдер осы эталон-тілдің тұрғысынан 
сипатталады. Салыстырылып отырған тіл мен басқа тілдер 
тарапынан қарағанда эталон-тілді де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет