–
170
–
Салғастырмалы тіл білімі
қолданылатын аффикстердің жалғану процесі. Әлем тілдерінде
аффиксацияның екі тенденциясы айқындалған:
фузиялық және
жалғамалы. Әлем тілдерінің көпшілігі типологиялық тұрғыдан
аффиксация тәсілдерінің бірін қолдану мүмкіндіктеріне қарай -
суффикстену және префикстену болып бөлінеді. Мысалы,
қазақ
тілінінің типологиялық ерекшелігіне орай, көбінесе, суффиксация
тәсілі қолданылады.
Әлем тілдері –
жалпы әрі кең ауқымды қолданыстағы
Халықаралық тілдер.
Билингв –
екі тілді меңгерген тұлға. Әр тілді меңгеру
дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Бинарды салыстыру –
қосарлы, екі компонентті салыстыру,
лингвистикалық типологияда
екі тілді салыстыру немесе
салғастыру.
Вариант –
тілдік единицаны жүзеге асырудың (фонема,
морфема, сөз т.б.) сөйлеудегі ерекше түрі, модификациясы.
Варианттылық –
1.белгілі бір нормадан ауытқу, бір тілдік
құбылыстың бірнеше түрі. 2.тіл мен тілдік бірліктердің қолданылуы
мен сақталуын қамтамасыз ететін іргелі және универсал қасиеті.
Вибрант –
фонациялық ауаның өте қарқынды шығуында
пайда болатын, дірілдеп шығатын дауыссыз дыбыс; мысалы, «р».
Вокализм –
тілдегі дауысты дыбыстар (дифтонгтарды қоса)
жүйесі.
Грамматикалық бірліктер
– сөз, сөзтұлға, синтаксистік
құрылым (сөз тіркесі,
жай сөйлем, күрделі сөйлем). Бұдан
басқа грамматикалық мағынаны білдіретін құралдар: көмекші
морфемалар (аффикстер) көмекші сөздер (жалғаулық
шылаулар,
демеулік шылаулар) және т.б.
Грамматикалық категория
- грамматикалық мағыналар
класы,
сөздердің өзгеруі, тіркесуін көрсететін морфологиялық,
синтаксистік белгілері бар грамматикалық жалпы ұғымдар.
Грамматикалық категориялар морфологиялық, синтаксистік болып
бөлінеді. Морфологиялық категориялар іштей мысалы, етіс, жақ,
жекеше-көпше түр, септік т.б.бөлінеді. Әлем тілдері тарихи даму
процестерінде сипаты жағынан өзгеріп тұратын рамматикалық
категориялар саны мен құрамына қарай ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: