332
емдік қасиеттері көбінесе майының құрамында холестеринді ерітетін
қанықпаған май қышқылдарының көп болуымен
байланысты және олар бұл
қосылыстың қантамырларының қабырғаларына түсуіне кедергі келтіреді.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кептірудің сублимациялық әдісі
белгілі, ол процесті күшейтуге және жоғары сапалы кептірілген өнімді алуға
мүмкіндік береді. Сублимaция – төмен қысым
мен төмен темперaтурaдa
құрғaту тәсілі. Қысымды төмендеткен кезде сұйық тез булaнa бaстaйды, соның
нәтижесінде темперaтурa жедел төмендейді де, сүт мұз болып қaтып қaлaды.
Одaн әрі кептіру мұзды сұйық күйге келтірместен бірден суғa aйнaлдыру
жолымен жүзеге aсырылaды
Нәтижелері.
Бұл жұмыста ұзақ уақыт сақтауға болатын, сублимациялық
әдіспен кептірілген қымыз алынды. Табиғи антиоксидант
кверцетинді қосу
арқылы құрғақ қымыз ұнтақтарының сақтау мерзімін 6 айға дейін ұзартуға
болады. Бұл сүт шикізатын үнемдеу
мәселесін шешеді, қымыздың
қауіпсіздігіқамтамасыз етіледі және қымызды азық-түлікке
пайдалану
уақытын ұзартады, жылдың кез келген уақытында оның қажеттілігі бар басқа
аймақтарға тасымалдауға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: