Содан бері талай-талай жылдар отті. Сол кезде мойында рына ал қы зыл галстук тағып, сапқа түрып: Бір-екі, үш



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата24.11.2023
өлшемі2,12 Mb.
#125289
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
t-mpish-ara

Будан кейінгі кундерде...
Ол күні Теке қарттың үйіне барған жоқпыз. Келесі күні 
де бара алмадық. Бір-бірімізге сездірмесек те, екеуміздің де 
көңіліміз солай қарай жетектегені рас. Бірақ...
55


Қайда барарымызды білмей, екі ағаштың қасында түрға- 
нымызда тегенедей шомбал атқа мінген Келдібай ағай ердің 
басына кішкентай қара қобдишаны өңгеріп өте берді.
— Балалар, жүріндер, радио орнатамыз,— деді.
Мына хабар бізге дүниенің барлығын да үмыттырды. Бір 
сәтке “ғашықтық мәселесі” де кейінге қалдырылды.
Біз күс-күс табанымызды қарыған ыстық шаңды бүрқы- 
ратып, Келдібай ағайдың соңына ердік.
“Радионың” бар екенін естігенімізбен, әлі күнге көрген 
жоқпыз. Сырттай қүмартып, бір тыңдауға ынтығатынбыз. 
Енді оның ауылға келуі үлкен жаңалық еді.
Осы арада айта кетерлік нэрсе — біз оқитын мектеп 
жеті жылдық болганымен, оның қасында ер балалар мен 
қыздарға арналған интернат барды. Оған сырттан келген 
алтыншы, жетінші кластың балалары жатады. Бәрі оқуды 
кешірек бастаған ересек. Көбі жігіттер мен бой жеткендер.
Интернатта олар үш мезгіл тамақ ішеді. Киімді де интер- 
наттан киеді. Өздерінің жеке-жеке жатақханалары бар. Сон- 
дай үзын жатақхананың бір бөлігін олар: “ Кітапхана”, 
“Қызыл бүрыш”, — дейтін.
Жазғы демалыста сол ересек балалар мен қыздар бірі 
жүмыс істеуге, бірі туған-туысқандарына кетіп қалады да, 
оқу басталуға екі-үш күн қалғанда қайта жиналады. Олар 
жоқта “Қызыл бүрыш” жабық түрады. Жатақханаларда да 
ешкім болмайды. Сондықтан біз де мектептен қиғаштау 
түрған бүл араға келе бермейміз.
Қазір бізді Келдібай ағай сол “ Қызыл бүрыш ” үйіне 
бастап әкелген.
Қолындағы қара қобдишасы ауыр екен. Ат үстінен бізге 
беріп еді, Оңалбек екеуміз өрең көтеріп, жерге қойдық.
Естуімізше, радио баған арқылы сыммен келуге тиіс. Ал 
мынандай қобдиша сөйлейді дегенді естіген емеспіз.
Сонымен, не керек, сол күні жатақхананың төбесінің екі 
жағына үзын-үзын екі сырық қағылды. Сырықтардың ба- 
сына сым тартылды. Енді бір сым оларға жалғастырылып, 
үшы “Қызыл бүрыштың” терезесінен ішке кіргізілді. Мүны 
“антенна” дейтінін кейіннен білдік қой. Қобдишамыз — 
радиоқабылдагыш екен.
“Қызыл бүрышқа” радио орнатылып жатқан хабар ауыл- 
дың үлкен-кіші бәріне жетіп үлгеріпті. Күн еңкейе бере 
жатақхананың алды адамға толып кетті.
56


Оңалбек екеуміз осы радионың қожасы секілдіміз. “Қызыл 
бүрыштың” есігінен кішкентай балаларды тырқырата қуамыз. 
Сыртта түрған ересек адамдарға:
— Жөндеп жатыр...
— Қүлағын шырт еткізіп бүрады.
— Қыр-қыр егті.
— Гуілдеді, — деп, деміл-деміл сыртқа жүгіріп шығып, 
хабар береміз.
“Қызыл бүрыш” ішінде Келдібай ағай мен дядя Петр 
дейтін орыс мүғалім екеуі әлгі қобдишаны кешке дейін 
шүқылады да, ақыры сілесі қатып:
— Қалғанын ертең жөндейміз, — десті. Мүны да біз іліп 
алып:
— Бүгін тарандар! Ертең сөйлейді, — деп хабарладық.
Жүрт осыған да риза болып, жөн-жөндеріне кетті.
— Сен мені қудың ғой, ә... Түйа-түй, апам келсін... Са- 
ған әжем үйсып жати,— деп, тілін шайнап шолжандап, қасыма 
Ержан жетіп келді.
Сонда ғана күн үзақ үйде болмағаным есіме түсті. Оның 
үстіне бүгін Қарақүлдың үйіне баруды да үмытып кете 
жаздаппын. Алғашқы күннен пионерлік тапсырманы орын- 
дамасам, онда менің не болғаным. Есіме Шаншатайдың: 
“ Пионер — ол жас лениншіл. Нағыз пионер ғана комсо- 
молдың жеткіншегі бола алады”,— деген сөзі түсті...
Қара кемпір мен келгевде күйбендеп есік алдында жүр екен.
— Әй, қараңқалғыр, неғып жүрсің? Саған кім керек? — 
деді.
Батылдық қайдан пайда болғанын білмеймін.
— Сіз керексіз, әже, — дедім.
Кемпір бүкшиген белін жазып, маған қарады.
— Мен керекпін бе? — деді, үйітілген терідей тырысқан 
бетінің арасынан жылтыраған көзі оқтай қадалып.
— Сізді оқытуға келдім, әже, — дедім, ішімді кеулеген 
үрейді білдіргім келмей көңілденіңкіреп сөйлеп.
— Әдіре қал, әдіре қалғыр. Алжыған менен не шығады 
деп едің? — деді кемпір, қатқыл даусы еріңкіреп.
— Ой, әже, мына кітапты оқысаңыз, бәрін де білесіз,— 
дедім мен, қолымдағы кітапшаны көрсетіп.
Қара кемпір қасыма келді де, кітапшаны алды. Жары- 
лып, тілім-тілім болған саусағымен оның беттерін парақта- 
ды. Ойылып мүйізденген ақ жемтік алақанымен кітаптың 
бетін сипап-сипап қойды. Тамсанды.
57


Сонан соң мені үйдің қасында жатқан томарға жетектеп 
әкелді де:
— Отыр, — деді. Өзі қарсы алдыма жүреледі де:
— Ал, оқы , — деді жай ғана. Ж ападаң-жалғыз қара 
кемпірге кітапты оқуға ыңғайсызданып, қипалақтап жан- 
жағыма қарап едім, көзіме ешкім түспеді ш ақыратын. 
Оқымасам, кемпір ендігәрі бүл үйдің маңына жолатпай- 
ты нын білем. Амалсыз кітаптың алғаш қы бетін ашып, 
оқи бастадым.
Кемпір мүлгіген адамдай көзін жүмып, иегін изеп қояды. 
He үғып, не түсініп отырғанын кім білсін. Бір уақытта:
— Жақсы оқиды екенсің, балам, — деді. — Бір кезде 
Алмабай молда қүранды осылай судыратып жақсы оқушы 
еді. Қазіргінің қүраны осы ғой.
Қолымдағы кітапш аны қүран ға теңегеніне денем 
мүздап, төбе шашым тік түрды. Көзімді бақырайтып 
қойып, діншіл сөз айтуы — барып түрған қылмыс. Сүйегі 
саудыраған мына кемпірдің бүл сөзіне не күлерімді, не 
үрсары мды білмедім. “Алжыған 
қ а қ б а с қ а
қайдан 
келдім!” — деймін өз-өзім нен налып.
— Әже, сіз жаудың сөзін айтып отырсыз. Бүл — Кон- 
ституция, негізгі заң, түсіндіңіз бе? М олда-солдаңыздың 
заманы ж оқ қазір! — дедім 
орны мнан атып түрып, 
қызулана сөйлеп.
Кемпір жайбағыс. Менің сөзімді шіркей қүрлы көріп 
отырған жоқ.
— Оқы тағы да! — деп бір зекіп тастады.
Мен тағы да оқи бастадым. Кітапшаның әр сөзін ашық- 
айқын етіп, мәнерлеп оқуға тырысамын. Ашығын айтқанда, 
алғашқыдай емес, қүлықсыздық бар. Бар ойым мына тара- 
мыстай қатқан қара кемпірдің қасынан тезірек кету.
Мен желке түсыма жиналып қалған үй адамдарын анда- 
маппын. Кемпір тағы да бір тамсанып қойып:
— Нағыз қүран... қүран, — деп күбірлегенде, шыдай ал- 
май орнымнан атып түрдым.
— Әй, кемпір! He айтып отырсың? — дедім қалшылдап. — 
Сен нағыз барып түрған жаусың. Сен бар ғой, молданың 
қүйыршығысың!
— Ха-ха... дүрыс айтасың, інім, — деп біреу ж еж е түсым- 
нан күліп жіберді. Қарасам — Қарақүл.
Сасқалақтап калып:
58


— Өзі ғой... өзі,— дей бердім.
— Ақылынан алжыған кемпірді қайтесің? — деді ол 
иығыма қолын салып. — Осы күнге намазын қойдыра ал- 
май келемін. Оразада ауыз бекітем деп қиғылық салатынын 
қайтерсің. Сен оның сөзіне мән берме. Онан да, қане, үйге 
кір. Бізге де оқып бер, тындайық! Өзің жақсы окдды екенсің.
Кемпір жүмған аузын ашпастан, шоқиып отырған күйі 
қала берді. Біз үйге кірдік.
Менен бүрын да талай үгітшілер келіп оқыған екен. Көп 
сөзін жаттап алыпты. Сонда да болмай маған кітапшаның 
бірнеше тарауын оқытты.
— Тындай бергің келеді. Сонау ата-бабамыздан ар- 
мандаған асыл сөз ғой бүл, — деді Қ арақүл. — Өкіметті 
өзіміз сайлап, өзіміз дауыс береміз дегенді кім ойлаған 
бүрын. Өзімізше іргелі ел болып, отау тігеміз. Кеңес 
Одағының бір мүшесі боламыз деу санамызға кіріп пе. 
Өкіметтен айналайын, Кеңестен айналайын, мүны да 
көрсетті. Тендігін беріп, заңын қолымызға үстатып отыр. 
Нағыз бақытты жандармыз ғой, біз.
Мүнан кейін әңгіме біразға созылды. Жасырын дауыс 
беріп, төте сайлау жайлы Қарақүлдың сары әйелі маған сүрақ 
қойып еді, жауап бере алмадым.
— Сүрағыңызды жазып алайын. Жауабын ертең ай- 
тайын. Бізге оқып беруді тапсырған, — деп, ешбір қысы- 
лусыз шынымды айттым.
— Жас бала қайдан білсін. Үгітшілер келіп жүр ғой, 
солардан сүрап алмайсың ба? — деп, Қарақүл өйеліне кейіді. 
Маған: — Ертең де кел. Күнде оқып беріп түрсаң, тыңда- 
удан біз жалықпаймыз. Сендерді жібергені дүрыс бол- 
ған,— деді. — Ал мына кітапшанды бізге қалдырып кет. 
Жастанып жатып, ежелеп оқи берелік. Ертең аларсың.
Мен бүл үйден қуанып шықтым. Пионерлік алғашқы 
тапсырмамды орындай бастадым. Here шалқымасқа!
Есік алдында қара кемпір қарсы үшырасты. Үндеген жоқ.
Мен қуансам, ал Бейсекүл жылап оралыпты. Келесі күні 
ертеңгісін мектеп қасына Нығмет бәрімізді жинап алып, тап- 
сырманы қалай орындағанымызды сүрағанда:
— Мен ол үйге бармаймын,— деді қайсар Бейсекүліміз 
жабыға сөйлеп. Жылап жіберді.
— He болды?
— Саған кім тиді?
59


— Here жылайсың? — деп үрпиісті балалар. Әлгі арада 
білгеніміз: Бейсекүлге Мешітбай дегеннің үйі бөлінген екен. 
Ол мыжырайған бір шал болатын. Жүрт түгелдей колхозға 
кіргенде, іргесін аулақ салып жекеше қалған. Үйі де ауыл- 
дан шеткерірек жеке түратын.
Ауылда жер ш арбақ, дуал дегенді кейіннен білді ғой. 
Әйтпесе ауласы аш ық жататын. Ал Мешітбайдың үйі ел- 
ден ала-бөтен, биік шым дуалмен қорш алған болатын. 
Ауласына қабаған ит үстайтын. Әр нәрсені білуге қүмар, 
әр нәрсені тіміскілеп жүретін балалар ол үйдің маңына 
жоламайтын. Жуып кетсең, мерезі жүғатындай көрінетін. 
Шошитын.
Нығмет маған қасақана қара кемпірдің үйін бөлді десем, 
Бейсекүлге онан да жаманы тиіпті.
— Күні бойы ешқайда шықпай (бәсе, кеше жоқ боп кетіп 
еді), кітапты оқыдым. Дайындалдым. Барғанда оқи алмай 
ыңқылдап отырсам, күлмей ме... Кешкісін үйіне барып 
дарбазасын қақтым. Үйден Мешітбай шықты. Қасында — 
Иманбек. Мен неге келгенімді айтып ем, Мешітбай күлді 
де, қақпасын жауып алды. Кетпей түрып тағы да үрып ем, 
Иманбек шығып:
— Сен қызға не бар? Кет! — деп қуып жіберді. Бейсекүл 
бетін қолымен басып, екі иығы селкілдеп, кәне жыла.
Шыдай алмай қасына бардым. Әншейінде озіміз де жы- 
латып жүрміз ғой. Бірақ бүл жолы оны аяп кеттім.
— Жылама. Әлтаман бірге барамыз, — дедім жүбатып. — 
Есінде ме Шаншатайдың айтқаны: Павликке бүдан да қиын 
болған. Есінде ғой?
— Есімде, — деді Бейсекүл танауы пышылдап, басын изеп.
— Көзіңді сүрт. Балалардан үят. “Дап-дардай боп жыла- 
ғаны несі?” — дер.
— Ал, Ертай, енді сен айт, — деген Нығметтің даусы 
шықты.
Мен барлығын бастан -аяқ ештеңе қалдырмай айтып 
шықтым.
— Жарайсың! — деді Нығмет мақтап. Сонан соң мені 
оңашалап шығарып алды да:
— Сен қара кемпірдің айтқанын қағазға түсіріп бер, — 
деді.
— Here?
— Керек.
60


— Жазбаймын! — дедім мен. — Өлмелі кемпірде не 
шаруам бар?
Нығметке тік қарадым. Өзіме бір қайсарлық біткен 
тәрізді.
— Мен сенен мүны күтпеген ем. Сенде әлі пионерлік 
қырағылық жоқ, — деді Нығмет.
— Оны өзім білем.
— Кітапшаны жоғалтсаң, көзіңці қүртамын! — деді Нығ- 
мет басқа амалы қалмағандай зіркілдеп.
Мен үндегем жоқ. Оның осы бір сөзінен көңілімде 
әлдебір күдік қалғандай болды. Оның қасынан тезірек ке- 
туге асықтым.
— Әлгі не деді саған? — деді былай шыға бере Оңалбек.
— Қит етсе, жүрттың бәрін дүшпан көреді. Тфу! Менің 
кейісті жүзімді көріп, онан әрі Оңалбек аузын ашпады. 
Тек көзімен ғана: “Қайда барамыз?” дегендей.
— Анда “Қызыл бүрышқа”, — дедім мен қолымды қүлаш- 
тай сермеп қалып. — Бейсекүлді де шақыр. Бәріміз бірге 
баралық.
Ол күні радио сөйледі. Жаз бойы аты ауыздан түспей, 
үлкен-кішіні тамсандырған Күләш апайдың даусын алғаш 
рет сол күні естіп ек.
Баланың бәрі біздей болды ма екен, күнүзақ тамақ ішпей 
тентіреуге бар? Түскі ас кезінде біріміздің шешеміз, біріміздің 
әжеміз шарқ үрып іздеп, тамаққа шақырып айғайлап жүргені. 
Сонда тыжырынып, ішімізден үрсып, біреу желкемізден итер- 
гендей қиналып барамыз-ау тамаққа. Кешкісін де солай. 
Әйтеуір, дала безердің нағыз өзіміз.
Бүл күні түс өлетінде Оңалбек, Бейсекүл үшеуміз өжеме 
іздеттірмей-ақ, біздің үйге бас сүғып шықтық. Бір-бір тос- 
таған айранға талқан шылап, асыға-үсіге жеп алдық.
— Осыларды жын қуып жүре ме, түге! — деп, үйден біз 
дүркірей шыққанда, әжем күбірлеп қала берді.
Кешегі тау басына ілінген бүлт бүгін етекке сырғыған. 
Күн көзін бір жауып, бір ашып, кешке дейін арлы-берлі 
жөңкілді де, ымырт жабылар алдында бүкіл аспанға түта- 
сып түра қалған.
Ымырт тез үйіріліп, көз байланды. Радионы тындаймыз 
деп отырып, тапсырылған шаруамыз естен шығып кетіпті.
— Енді қайттік? — дедік, тас қараңғы түн қүшағында 
түрып.
61


— Мені бөлген үйдің адамдары “Қызыл бүрышта” отыр, — 
деді Оңалбек.
Маған бір ой can етті.
— Сен оларға ескерт. Бүгін келе алмайтыныңды айт, — 
дедім Оңалбекке.
— Мені осы арадан күтіндер! — деп, өзім Қарақүлдікіне 
жүгірдім.
Бір-екі үй айнала бергенде, ол қарсы жолықты.
— Үйіңе іздеп барып ем, — деді ол маған. — Сені таба 
алмадым. Айтайын дегенім, бүгін бізді қонаққа шақырып 
еді. Бармауға үят. Сен бізді кешір. Ертең сөзсіз келетін бол.
— Жарайды! — дедім мен жолымның болғанына қуанып. 
Бірақ іштей: “Осымды Шаншатай көрсе, не дер еді?” — 
деген күмәнді сүрақ келді. “Әй, біз ойнап жүрміз бе? До- 
сымызға көмекке барамыз ғой. Ол да жүмыс емес пе?” — 
деген екінші ой жеңсік алды да, көңілім орныққандай бол- 
ды. “ Қажет болса, өз ісінді тоқтатып, алдымен дос ісіне 
көмектес деуші ең ғой өзің де”. Мен Шаншатаймен осылай 
сөйлескендеймін.
Үшеуміз Мешітбайдың дарбазасының алдында түрмыз. 
Бойымызда діріл бар. Әлденеге жүрексінеміз.
Қақпаны қағып едік, қабаған иттің даусы түнгі аспанды 
басына көтерді.
— Енді не істейміз? — дейді Бейсекүл.
— Кетпейміз. Кіреміз! — деймін мен өжеттеніп. Кақ- 
паны тағы да қатты-қатты соқтым. Біреу үйден ш ыққан- 
дай болды. Иттің үні өшті. Ешкім дыбыс бермеді. Кенет 
ит шабалаңцап үріп, кақпаның алдына келді. Босатып 
жіберген.
Енді бізге есік ашпасы айдан-анық. Итті өдейі жіберді. 
Дуалдан қарғып түсе алмайсың.
He істеу керек?
Кетер-кетпесімізді білмей дағдарып түрмыз. Ештеңе 
бітірмей кете беруге арланатын секілдіміз.
— Жүріңдер!
Үйді айналып өттік. Теріскей бетінде кішкентай жал- 
ғыз терезе бар екен. Ш амның сөулесі көрінеді. Ортасы- 
нан а қ перде күрып қойы пты . М ойнымызды созып, 
аяғымыздың үшымен түрып сығаламақ болғанмен, бойы- 
мыз жетпеді.
Енді не істеу керек.
62


— Сен жеңілсің ғой, — дедім Бейсекүлге. — Оңалбек 
екеуміз көтерелік.
— Коріп қоймай ма? — деді Бейсекүл даусы қалтыраң- 
қырап.
— Жарық үйдегі адам сырттағыны түнде көрмейді. Қәне, 
шық! — дедім мен.
Шайтан “отынан” қорқу бір сәрі. Ал қараптан-қарап 
түрып қазіргі қалтырағанына жыным қозды.
— Бол!
Оңалбек екеуміз оның екі аягынан тік көтердік. “ Қыз 
ауыр ма, түз ауыр ма” деген рас па, Бейсекүл ап-арық бола 
түра, салмақты екен.
Қабырғаға тақалып, өрең үстап түрдық.
— Иә, не көрдің? — дедік біз жарыса сүрап, ол жерге 
түскенде.
— Ет жеп отыр, — деді Бейсекүл.
“Ет”, — дегенде тамсандым. Оның дәмін үмытып қалсам 
керек. Жемегелі қай заман!
— Кімдер бар екен?
— Көп адам отыр. Бәрін байқай алмадым. Араларынан 
көргенім Нығмет пен Сапар.
— Иманбекті көрдің бе?
— Сол ғой деймін. Ары қарап отыр. Желкесін ғана көзім 
шалды.
“Нығмет отыр”, — дегенде, көңілім орнына түскендей 
болды. “Бейсекүлді жылатқан соң, өзі келген ғой, шамасы”. 
Мен оны арамдыққа жорудан аулақ едім. Келдібай дирек- 
тор әдейі бізді басқаруға қойып, сенім білдірсе, өзі бір кол- 
хозды басқарған бастықтың баласы болса, оған күдік келтіру 
кімнің ойына келмек?
— Жүр, кеттік! Мүнда біз бітірер дәнеңе жоқ. Келесі күні 
мектеп қасына тағы да жиналғанда, ешбір алаңсыз көңілмен:
— Бейсекүл қаггы қысылып еді. Өзіңнің барғаныңа қуан- 
дық. Енді қумайтын болар? — дедім Нығметке.
— Нені? Қайда? Өзің не шатып түрсың! — деді Нығмет 
абыржып қалып.
Мен тағы да сөйлемек боп оқтала бергенімде, қасымда 
түрған Бейсекүл бүйірімді шымшып алды. “Үндеме” деген- 
дей қабағын қақты.
— Жай, әншейін, — дедім мен аңқаусып. Нығмет маған 
ала көзімен бір қарады да, басқа балалардың не істегенін
63


сүрап жатты. Бізге тіл қатқан жоқ. Біздің бар-жоғымыз 
бәрібір секідді.
— Мен бір хабар айтайын. Тек ауыздарыңнан шықпа- 
сын, — деді Бейсекүл балалар тарап кеткен кезде.
Ш анш атай “жаман әд ет” десе де, әлгі арада біз: 
“ Еш кімге ай тп ай м ы з” ,— деп қ ар ған д ы қ. Ө йтпесек, 
Бейсекүлдің тыртысып айтпай қоюы мүмкін. Бүл қы з- 
дан бәрін күтуге болады.
— Мешітбайдың үйінде ауылдың кейбір жігіттері жина- 
лып, арақ ішеді екен. Карта ойнайды екен.
— Е-е, мен онысын білемін, — деді Оңалбек. — Әкем 
ана жылы сүндетке отырғызарда Мешітбайды шақырған. 
Мені сол кескен.
Мен мырс етіп, теріс айналдым: “Мынада ес жоқ! Алаң- 
ғасар ма, аңқау ма? Қыздың көзінше не айтып түр өзі”.
Оңалбектің ойына дәнеңе кірер емес. Маңқиып қарап 
түр. Бейсекүл ештеңе түсіне алмағандай біресе оған, біресе 
маған жалтақтайды. “Сен қызды” білмейтін пәлең бар ма? 
Іш қулығың ғой бүл, ө?”.
— Тағы да не білесің? — деймін мен оған.
— Бар болғаны осы.
— Мүны кім айтты?
— Апамнан естідім.
“ Иә-ә. Арақ ішеді... карта ойнайды... Саудагер... Мол- 
да... Бір басына жетіп жатыр. Иманбек сол үйден шықпай- 
ды... Here? Бар пәле осы үйден басталмаса...” — Ойланып 
түрып қалдым. Ақыры, бір байлам жасадым. Онымды 
сездіргім келмей:
— Күн жауғалы түр. Үйге қайталық,— дедім.
— Әлі ерте ғой, күнүзақ не бітіреміз? — деді Оңалбек 
қиналып.
— Әнеукүнгі танысқан сүлуларыңа бармайсындар ма? 
Күтіп қалды ғой, — деді Бейсекүл жымысқылана.
— Е-е, рас екен-ау! — деді Оңалбек. “Мәссаған! Мынау 
нағыз есуас болмаса нетті!”
— Ол қандай қыз? — дедім мен білмегенсіп.
— Назымды айтамын. Сен Оңалбекке аларма, онда еш 
кінә жоқ, — деді Бейсекүл ойнақылана. — Айтпасаңдар да, 
бәрін білемін. Назымды көргенге рақаттанып, түске дейін 
үйқтадың ғой. Мүрныңа ши жүгіртіп, әрең ояттық. Түсіңе 
кірген болар. Қызарандама. Дәл таптым ба?
64


Ойынды қой, — дедім мен шытынап. — Ондай қыз- 
дың маған қажеті жоқ. Сүлу көркі өзіне.
— Ә, бәлем, қытығыңа тидім-ау деймін. Қызараңдауын!
— Болды, Бейсекүл! Жетер енді!
— Жә... жә... Ашуланба, — деді Бейсекүл. Сонан кейін 
бүрылып біраз жүріп барды да, артына қарап бізге дауыста- 
ды: — Назым биыл бізбен бірге оқиды. Қуана беріңдер!
Мен жерге еңкейе беріп, бір кесек алғанымша, ол қүлаш 
жетпес жерге жүгіріп барып қалыпты.
“Пәле енді басталды. Үй-үйге жарапазан айтқандай 
бүл әңгіме елге жайылмаса нетті. Назым қайдан кездесіп 
еді!..” .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет