Байлар мен молданы
Қойдаи қу қаміиымен! —
дегенді қаттырақ айтады.
Біздің газет шығаратынымызды естігенде Иманбек:
— Мешітбайды жазыңцар. Бар бәленің үйтқысы сол, —
деп қылқылдап қоймай қойды.
Ақыры, оның көңілін қимай, таң атқалы қағазды ши-
майлап отырғаным мынау. Шаншатай қүсап өлең жазайын
десем, сөздерім үйлеспейді. Атамның тонына оранып, азап
шегіп, терлеп-тепшіп мен отырмын. Бар киімімді сыпырып
алып, есік алдында шешем кір жуып жатыр.
— Козім сәл тайса, өстіп кір-қожалақ боп кетеді, — деп
күңкілдейді.
Шешем үйге келгенде, маған ешкім жоламайды. Ықсан
да, Бейсекүл де, тіпті Оңалбек те шешемнен қорқады. Осы
үйде шешемнен ықпайтын жан жалғыз Ержан ба деймін.
Ол таңертеңнен бері бір қурайды ат қылып мініп, шапқы-
лап, ойнап жүр.
Кеше біз Назымдікіне барғанбыз. Әнеукүнгі теңкиген
қауындар ада болып, біз қарбыз жедік. Теке қарт шаншулап
үйде жатыр екен. Біз емін-еркін сыртта біраз ойнадық.
Шіркін, Назымды көргенде, Оңалбектің екі көзі жайнап
қүлпырып кеткені-ай!.. Менің қызғаныш сезімім аздап қоз-
ған болады. Бірақ оны кеудемнің қатпар-қатпар түкпіріне
тығып, сездірмеуге тырысам.
Бір орайда Назымға:
— Бүрын қайда оқыдың? — дедім.
— Меркеде.
— Биыл бізде оқисың ба?
72
— Иә.
— Here? Аудан орталығы жақсы гой. Көңілді.
— Жақсы, — деді Назым. — Атамды аяймын. Ол жалғыз ғой.
— Мектеп қаш ық болмай ма?
Назым басын шайқады. Көзімен үй қасында көлеңкелеп
түрған атты көрсетті жымиып.
Күлімсірегені қандай әдемі. Томпақ бетінің үшы шүңқы-
райып, мөлтілдеген жанары шапақ атады.
— Атпен барасың ба?
Назым басын изеді.
— Қорықпайсың ба?
— Қорықпаймын, — деді. — Мен мүны қүлын кезінен
өзім өсіріп келем.
— Онда сен кішкентай болдың ғой?
— Ол да кішкентай болды, — деп күледі Назым.
— Сонда қалай, бүл атты да осында сен өкелдің бе?
— Иә. Екеуміз жүбымызды жазбаймыз, — деді Назым.
— Бүл қазір — бесті.
Ат біздің не сөйлескенімізді түсінгендей, басын шүлғып,
оқыранып қойды.
— Бесті дейсің бе?
— Ат әуелі қүлыннан еседі. Сосын тай, одан кейін қүнан
болады. Төрт жасында дөнен дейді, бес жасында — бесті.
Бүл қазір бесте.
Қарабайырдан туған мүндай жылқының бабын білмесең,
күту қиын ғой.
— Here білмеймін, — дейді Назым. — Мүндай жүйрік
аттар шікәмшіл келеді. Қорек пен сусынды жіті талғайды.
Бүған бидай бермеймін. Аяғына жем түседі. Беретінім —
түйген арпа, қүрақ жоңышқа. Ішетіні — мөлдір су.
— Шіркін, бәйгеге қосса өзін!
— Ол үшін суыту керек қой. Қолтығы сөгіліп, өкпесі
өшіп, жүні өлмесе, алысқа шаба алмайды.
— Осының бәрін қайдан білесің? — деймін сүйсіне та-
ңырқап.
— Теке атам кезінде атбегі болған кісі, кісінеуінен, қүлы-
нын көрмей түрып-ақ, қай айғырдың түқымы екенін айыр-
ған. Көз үшында бүлыңғырланып кетіп бара жатқан қыл
қүйрықты қай түқым екенін білетін. Атам шобылар мен
жабыларды осы күнге менсінбейді. Ат санатына қоспайды.
“Бордақылап, соғымға сойса”, — дейді. Тек шомбалды ғана
жүк аты деп ауызға алады.
73
— Атаңның өнері мүндай болса, әкеңнің онері қандай? —
деймін мен әзіддеп.
Сөзімді шынға жорып, Назым бүған да жауап береді.
— Әкем — қүсбегі. Жүйрік ат, тазысыз жүрмейді. Мына
бесті — әкем мініп жүрген биенің қүлыны. Биесі де жүйрік.
Ой, Ертай білсең бар ғой! Аң аулау қандай
қызық —
дейді тәтті бір әсерге батқандай көзін шарт жүмып, тамса-
нып. — Былтыр мамыр айында әкем мені Сүлутөрдің жо-
тасына алып шықты. Бүл айды шаруалар сәуір десе, аңшы-
лар қүралай айы дейді екен. Сонда мен мүйізі абажадай
қүлжаны, арқардың тушасын, қүралайын көрдім.
— Ал өз онерің қандай?
Назым менің бетіме бажырайып қарады. Менің үнім кекет-
кендей болып шықса керек. Іштей қысылып қалдым. Назым
ештеңе болмагаңцай, дәнеңе сезбегендей, бақжиып кдраған бойы:
— Білмейсің бе? — деді. Мен алдымен бапкермін. Содан
соң шабандозбын. Мен мінген ат еш уақытта сүрінбейді.
Себебі: тартпасын тартамын. Ер мойнына кетпейді. Жауыр-
дың түғыры жаман ер екенін білемін! Ер батса, ат қайқаң-
дайды. Шоқтыгы қажалады. Сондықтан тоқым, терлігін сай-
лаймын. Түсіндің бе? Тағы да не сүрағың бар?
— Түсіндім.
— Ендеше мен сүрайын.
— Айта ғой.
— Осы Қосарық колхозының төмен жағында үш терек
өскені рас па?
— Төменгі жағы емес. Мектептің қасында өскен. Екеуі
әлі түр, — деймін мен.
— Соны кескен адам тірі ме?
— Мен қайдан білейін. Жүрт: “Теректен қан ақты. Кес-
кен адам өлді”, — деседі ғой.
— Сен соған сенесің бе?
— Білмеймін. Қан саулап аққанын көргендер әлі бар.
— Адамның өлгенін көріп пе?
— Білмедім. Ол саған неге керек?
Назым менің сөзімді тындамай, қайта сүрақ қояды.
— Ш айтанның бары рас па? Отын көріпсіндер ғой.
— Ол шайтан емес дейді ғой.
— Кім айтты?
— Шаншатай.
— Ал өзің не дейсің. Күмілжімей, тоқ етерін айтшы.
— Мен қайдан білейін, — дедім мен, дүдәмәл жауап беріп.
74
— Түнде молаға барған Шаншатайды “жын үрып кетіпті”
десіп жүрт гу-гу етеді. Оған не дейсің?
— Ол өтірік қой. Иманбектер үрыпты ғой.
— Жүмсаған кім?
— Мешітбай.
— Here?
— Осы сен қайдан білесің бәрін? — деймін мен сүрағы-
нан тайқақтап.
— Менің тагы бір онерім — осындай білгіштігім, — дейді
Назым күліп.— Мешітбай — молда. Мүнысын жасырады. Ал
пионерлердің міндеті — соны әшкерелеу. Үйінің түсынан
өлең айтып өтумен епггеңе тыңдырмайсың. Андыганмен, қолға
түсіру қиын. Ол өте қу, әккі. “Ағаштан қан ақты”, “Шайтан
бар” деп от жақтыру, молада “жын соқты” деу оныңтаратқан
үгіті. Оған біраз жүрт сенеді. Сондықтан оны жүрт көзіне
масқара етіп әшкерелеп, өтірігін ашу керек. Ол үшін ең
алдымен өзіңнің сенімің мықты болуы қажет. Үқтың ба?
— Дүрыс қой, — деймін мен. — Бірақ өтірігін ашу қиын
ғой. Жүртты қалай сендіресің? Онан да андып, қылмысы-
ның үстінен түскен дүрыс.
— Б ізсіз де оны м ен ш үғы лд ан аты н дар бар. Біз
Мешітбайлар жайған дін уытына қарсы күресуіміз керек.
Өтірігін ашу қиын дейсің, қалай ашамыз дейсің. Шыбық
секілді солқылдақ екенсің өзің. Тыңда. Газет шығаратын
болдың ғой? Сонда “Шаншатайды үрған “жын” — мына
бізбіз деп, Иманбек мақала жазсын.
— Жазбас, — дедім күмәнданып.
— Жазады, — деді Назым сеніммен. — Сен сөйлеспесең,
Бейсекүл екеуміз сойлесеміз. Мен бір мақала беремін.
— Сен бе?
— Несіне таңқаласың?
— He жазасың сонда?
— “Теректі кескен адам — менің өкем,” — деймін. “Өлген
де жоқ, жын соққан да жоқ, тірі”, — деймін. — “Сыпатайды”
қаны тамған әулие ағаш деулерің қате” деймін. “Терек тез
өсіп, тез қартаяды. Қан дегендерің — оның ырса-ырса қабыр-
шықтарының арасьша толған қүрт-қүмырсқалар” деймін.
— Қызық екен?
— Қызықтың көкесі алда, — дейді Назым. — Бірге оқыған-
да көрерсің әлі. Ал сен молдалардың келемеж суретін сал.
— Сурет салатынымды да біліп қойғансың ба?
75
—
Білмегенде, — деді Назым, маржандай ақ тістерін
көрсете.
...Мен Мешітбайға үқсатып түнде бір молданың суретін
салғанмын. Енді соның астына жазуға өлең керек. Ақыры,
нар тәуекелге салып, былай деп жаздым:
Достарыңызбен бөлісу: |